09.11.2022

Бәйтерек холдингінің басшысы Лондондағы форумда инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы айтты

Бәйтерек холдингінің басшысы Лондондағы форумда инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы айтты

Бүгін Бәйтерек холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстандық бесінші жаһандық инвестициялық форум аясында Лондон қор биржасының алаңында Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы айтты. 

Сөз сөйлеу барысында Холдингтің қаржылық қолдау құралдарының артықшылығына, инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне, сондай-ақ елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды.

«Бәйтерек Қазақстан Үкіметінің негізгі қаржылық даму институты ретінде қарыздық және жобалық қаржыландыру, тікелей инвестициялар, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларға, сондай-ақ инновациялық компанияларға экспорттық қолдау ұсынады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың шикізаттық емес секторларына, атап айтқанда Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік инфрақұрылымына ұзақ мерзімді кредит берудегі Холдингтің нарықтық үлесі 46,7%-ды құрады»- деді Холдинг басшысы.


WhatsApp Image 2022-11-10 at 10.44.44.jpeg


Сондай-ақ Қанат Шарлапаев Бәйтерек холдингінде және оның еншілес ұйымдарында Қазақстанды экономикалық дамытуға бағытталған бірқатар жобалардың іске асырылуы туралы айтты. Холдинг басшысы басқа елдермен өзара тиімді инвестициялық халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы мен басымдылығын атап өтті. «Қазақстан халықаралық бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастықты жандандыруға үлкен қызығушылық танытып отыр», - деді ол.


WhatsApp Image 2022-11-10 at 10.44.45-2.jpeg


Айта кететіні, Форумға британдық бизнес өкілдері, ірі қаржы ұйымдары мен халықаралық инвесторлар қатысты.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар