Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.12.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және немістің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші CLAAS АӨК саласындағы ынтымақтастықты талқылады

21.04.2020

«ҚДБ-Лизинг» аграрлық қызметкерлерге арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске қосты

«ҚДБ-Лизинг» аграрлық қызметкерлерге арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске қосты

«ҚДБ-Лизинг» («Бәйтерек» холдингінің «немерелер компаниясы») Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған дағдарысқа қарсы саясаттың аясында отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша арнайы ұсыныстарды іске қосатындығы туралы хабарлады.

Атап айтқанда, «ҚДБ-Лизинг» мемлекеттік бағдарламасының аясында аграрлық қызметкерлерге отандық ауыл шаруашылығы техникасын (астық жинау комбайндары мен тракторлар) бастапқы жарнасыз сатып алу үшін өз қызметтерін ұсынатын болады. Бұрын аванстық төлем 15% – ға тең болатын.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6% – ға дейін төмендетілді.

Негізгі қарызды төлеу бойынша 1 жылдан кем болмайтын жеңілдікті кезең ұсынылады.

Төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алмау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, лизинг алушылардың өтініштері бойынша төлемдердің мерзімін ауыстыруды ұсыну басталды, олар жеке тәртіппен қаралады.

Барлық құжаттар онлайн түрде қабылданады.

Ел Үкіметінің тапсырмасы бойынша әзірленген теңдессіз шаралар шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға, отандық өндірістегі штаттық жұмыс режимін сақтауға бағытталған.

Бағдарлама аграрлық қызметкерлердің қабілетін 30% – ға арттыруға, өздерінің техника паркін 76 пайызға жаңартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті бірнеше өндірістік алаңның жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Мысалы, айта кетерлігі, Қостанайда Санкт-Петербург трактор зауытымен бірлесіп ашылған «Кировец» өндіретін зауыт алдыңғы қатарлы болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар