25.09.2024 18:57:00
- Холдинг туралы
2019 жылдың 4-6 мамырында Елордадағы Тәуелсіздік Сарайында «ULTTYQ O`NIM» бесінші қазақстандық өнім өндірушілер көрмесі өтеді.
Шара барысында «Бәйтерек» Холдингі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған 500-ден астам қазақстандық кәсіпорындар таныстырылады.
«ULTTYQ O`NIM» - бұл отандық тауар өндірушілерге арналған алаң, бұл жерде олар тек өз жетістіктерін ғана көрсетіп қоймай, тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа келісімшарттарға отырып, өз іскерліктерін кеңейте алады.
Көрме шеңберінде келушілер жаңа тауарлармен және оларды өндірушілермен таныса алады. Сонымен қатар қатысушылар үшін қазақстандық өнім өндірушілердің тауарларын сынап көру, қазақстандық дизайнерлер топтамаларының көрінісі және алдыңғы қатарлы тренерлерден шеберлік сыныптар алу секілді шаралар қарастырылған.
Жыл сайын қазақстандық кәсіпкерлер осы шараға қатыса отырып, отандық тауарлар өндірісі мен қызмет түрлерін ұлғайта алады. Соның арқасында жергілікті құрам үлесін де өсіреді.
Шараның өтетін күні, уақыты және жері: мамырдың 4-нен 6-на дейінгі аралықта, күн сайын 11.00-ден 20.00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік Сарайы. КІРУ ТЕГІН.