Табыс тарихы. "Бәйтерек" холдингі лифт өндірісін қалай қолдады
Құрметті достар! "Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру: табыс тарихы" айдарында біз сіздерге "Бәйтерек" холдингінің қолдауына ие болған қазақстандық өндірушілер туралы айтуды жалғастырамыз. Кезекті бейнежазбада "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қорының қолдауы Ақмола лифт құрылысы зауытын дамытуда қандай рөл атқарғаны жайлы айтылған. Компания лифт шахталарын және кез келген күрделіктегі лифт жабдығын әзірлеуді және іске асыруды, монтаждауды жүзеге асырады.
* «е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz