Макишевтер жанұясы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқасында үйге қол жеткізді.
Достар, қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бизнесті құруға, оны дамытуға, қолжетімді тұрғын үй сатып алуға немесе өз өнімдерін экспорттауға үлкен қолдау алады. Біз YouTube-арнасында біздің клиенттеріміз оларға қандай да бір мемлекеттік қолдау көрсеткенін айтып беретін бейнероликтер топтамасын жариялауды жалғастырамыз. Бүгін "Бақытты отбасы"бағдарламасы бойынша үй сатып алған көп балалы Макишевтер отбасы біздің айдардың кейіпкерлері болды.
* «е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz