28.11.2022

АСТАНАДА КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ


Бұл «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Астана халықаралық қаржы орталығы екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған форум, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талқыланатын басты мәселе – қазіргі қысылтаяң шақта түрлі тәуекелдер мен кедергілерді еңсеріп, компанияның жұмысын тиімді түрде жалғастыру. Тақырыпты қаузауға 120-дан астам маман жиналды.

Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры:

- Шетелдік сарапшылар қатысып, өздерінің пікірлерін білдіреді. Оларда қандай жұмыс болып жатқаны туралы тәжірибемен алмасады. Яғни, қандай стандарттарды көріп жатыр, қандай нәрселерді жүргізіп жатқаны туралы, бұл тәжірибе алмасу деп те тануға болады.

Форумның басты қатысушылары – корпоративтік хатшылар. Бұл мамандар директорлар кеңесі мен акционер және де басқарма арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Туындаған түрлі қиындықтарды шешуге атсалысып, компанияның құнын сақтау басты міндеті.

Ардақ Жұмағалиев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ корпоративтік хатшысының орынбасары:

- Корпоративтік хатшы – директорлар кеңесінің көзі, құлағы һәм қолы болып есептеледі. Бірақ олар өздігінен қандай да бір шешім қабылдай алмайды. Бірақ директорлар кеңесі міндетті түрде хатшылардың ақыл-кеңесіне құлақ асуы тиіс. Соның негізінде тиісті шешім қабылданады.

Айта кетейік, корпоративтік хатшылардың форумы дәстүрге айналған. Жыл сайын өтетін алқалы жиында өзекті мәселелер талқыланады.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар