«Әскери баспана» бағдарламасы арқылы пәтер алған Үмбетовтер отбасы
Достар, біз «Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру: табыстар тарихы» айдарын жалғастырып келеміз. Түрлі бағдарламалар арқылы мемлекеттік қолдау алған қазақстандықтар өздерінің жетістіктері туралы айтып келеді. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз - «Әскери баспана» бағдарламасы арқасында үй сатып алған Үмбетовтер отбасы. «Әскери баспана» - біздің еншілес компаниямыз - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке бағдарламасы. Оның арқасында әскери қызметшілер тұрғын үйді қолайлы шарттармен сатып ала алады. Өткен жылы әскери қызметшілерге 69,28 миллиард теңге сомасына 4577 несие берілді.
* «е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz