31.12.2020

Синдикатталған несиелер: бизнес «қомақты» ақшаға қол жеткізе алады

Синдикатталған несиелер: бизнес «қомақты» ақшаға қол жеткізе алады

Синдикатталған қарыздар бір қарыз алушыны қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі қазақстандық банктер қатарынан екі және одан да көп инвесторлардың бірігуімен қызықты.

«Бәйтерек» холдингінің жобалық қаржыландыру департаменті синдикатталған несиелер деген не және олардың Қазақстанда қалай қолданылатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Парламенті синдикатталған кредит беру тетіктерін құқықтық реттеуді көздейтін «Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Атап айтқанда, ҚР Азаматтық кодексіне, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Әлемдік шикізат нарықтарындағы жаһандық сілкіністер, «локдаун» тудырған  COVID-19 пандемиясы  Қазақстан экономикасына теріс әсер етті. Қатаң шектеу шаралары кезеңінде көптеген компаниялар өз қызметін «тоқтатты» немесе өз өнімдеріне сұраныстың күрт төмендеуіне тап болды.

Сонымен қатар, ЖІӨ құрылымында нақты секторға банк несиелерінің үлесі төмендеді, елден инвестициялардың кетуі байқалды.

Департаментте атап өткендей, қалыптасқан жағдайда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жеке инвесторлардың капиталын белсенді тартуға мүмкіндік беретін жаңа экономикалық құралдарға қажеттілік пайда болды.

Дағдарысқа қарсы шара ретінде «Бәйтерек» холдингі ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдерінің қолдауымен Қазақстан заңнамасына бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды. Олардың бірі – синдикатталған кредит беру тетігін пайдалана отырып, жобалық қаржыландыру институтын дамыту жөніндегі бастамасы.

«Бәйтерек» холдингінің ұсынысы уақытылы болды. Қазақстан президентінің айтуынша, бизнес «пандемияның негізгі соққысын өз мойнына алды». «Сала бойынша біздің ортақ міндетіміз - өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін бес жыл ішінде кемінде 1,5 есеге арттыру», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау «нарықтық табыстың негізгі құрамдас бөліктерін қамтитын» орта бизнеске ерекше назар аударуды да білдіреді» деп мәлімдеді.

Мұндай компаниялар тек ішкі ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарыққа да бағытталуы керек. Олардың экспорттық қолдауын күшейту керек. – деді Президент.

Бизнесті дамыту жөніндегі жұмыстың басты нәтижесі 2025 жылға қарай оның ЖІӨ – дегі үлесін 35% - ға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың санын 4 млн адамға дейін ұлғайту болуға тиіс.

«Бәйтерек» холдингінің жобалық қаржыландыру департаментінің директоры Әсет Тажікенов нақтылағандай, инфрақұрылымдық, экспортқа бағдарланған жобаларға синдикатталған қаржыландыру бағытталатын болады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда бұл тетік тиісті дәрежеде қолданылған жоқ. Оның дамуын заңнамалық реттеудің жеткіліксіздігі және ұзақ мерзімді жобаларды кредиттеу үшін ресурстардың тапшылығы  жағдайында синдикатталған кредиттер нарығына қатысушылардың қауіптенуі тежеді. Жағдайды түзету үшін «Бәйтерек» холдингі заңнамаға синдикаттарға қатысты түзетулерді ұсынды. Ұсынылған түзетулер мынадай әсерлерге қол жеткізуге ықпал етеді,- деп атап өтті сарапшы.

Бірінші кезекте бұл кредиттік тәуекелдерді кредиторлар арасында, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етуді бөлуге байланысты тәуекелдерді бөлу мәселесін реттеу.

Атап айтқанда, ҚР Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) кепілмен қамтамасыз етуді тең бөлу қағидатын іске асыруды қамтамасыз ететін «тең кепіл ұстаушылар» ұғымы енгізілді. Екіншіден, қарыз алушылардың жобаларды тиімді шарттармен ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізуі, - деп атап өтті Әсет Тәжікенов.

Оның айтуынша, холдинг ұсынған заңнамаға түзетулер мақұлданды. Енді экономиканың нақты секторындағы кәсіпкерлер синдикатталған қаржыландыру аясында ұзақ мерзімді ақшаның қол жетімділігіне сене алады деп күтілуде.

Департамент басшысы атап өткендей, синдикатталған қарыздар бір қарыз алушыны қаржыландыру үшін қазақстандық Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) және халықаралық қаржы институттары қатарынан екі және одан да көп инвесторлардың бірігуімен қызықты.

Әдетте олар ірі инвестициялық жобаны қаржыландыру және тәуекелдерін саралау үшін серіктес болады. Бұл ыңғайлы, өйткені бір банк ауқымды жобаны несиелендіру үшін үлкен қаражат бөлуге әрқашан дайын болмауы мүмкін. Ал бірнеше банк тәуекелдерді және тиісінше жоба бойынша қаржыландыру көлемін бөлісе алады , - деп есептейді ол.

Экономиканың едәуір дәрежеде мемлекеттің қолдауына мұқтаж салаларында ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін «Бәйтерек» холдингі синдикатталған кредиттеуді сапалы ұйымдастыруды, сондай-ақ кредиттік тәуекелдерді оңтайлы бөлуді және басқаруды қамтамасыз ете алатын зәкірлік кредитор рөліне өзінің еншілес ұйымы-ҚДБ-ның қатысуын ұсынады.

ҚДБ жоба бойынша  тәуекелдердің бір бөлігін өзіне ала алады, яғни қарыздар бойынша неғұрлым тиімді шарттар ұсына алады.  Егер жоба экономиканың басым секторларына жататын болса, ҚДБ синдикатқа  қатысуға дайын болады деп пайымдалуда.  Бұл өндеу өнеркәсібі , сондай-ақ өзге де шикізаттық емес секторлар.  Өз өнімдерін экспортқа дайындайтын, өз кәсіпорындарын жаңғыртуды немесе қандай да бір жаңа жобаны іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорындар қаржыландыруға үміт арта алады, - деп атап өтті Ә.Тәжікенов.

«Бәйтерек» холдингі ҚДБ-мен бірлесіп іске асыру үшін синдикатталған кредит беру тетігін пайдалануға болатын әлеуетті жобалар портфелін қалыптастырды. Бұл металлургия, мұнай-газ химиясы, тамақ өнеркәсібі және т. б. салаларда шамамен 398 млрд теңге мөлшерінде сұратылған жиынтық қарыз сомасына арналған жобалар.

Холдингтің есептеуінше, бұл жобалар қаржыландырылған және жоспарлы қуаттылыққа табысты шыққан жағдайда 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру күтілуде. Экономикадағы өндірістің жиынтық көлеміне бағалау мультипликативтік әсері 5 жыл ішінде 7 трлн теңгеден асады.

Синдикаттталған қарыз алу үшін қарыз алушы жобаға қарыз мөлшерінің 20%-нан кем болмайтын өз қаражатын салуға тиіс деп болжануда. Несиелерді 20 жылға дейінгі мерзімге беру көзделіп отыр, - деп атап өтті спикер.

«Бірақ, әдетте, халықаралық практика синдикатталған қарыздар бойынша қаржыландыру құны нарықтық мөлшерлемелер деңгейінде болады. Бірақ синдикатқа ҚДБ қатысатын болады, яғни кредиттік тәуекел синдикатқа қатысушы банктер арасында бөлінетіндігін білдіреді, осы есептен, қарыз бойынша мөлшерлеме нарықтан төмен болуы тиіс. Жоспарда - теңгемен ғана емес, бірнеше валютада синдикатталған кредиттер беру. Өйткені көбінесе ірі мұнай-химия, металлургия, инфрақұрылымдық жобаларда әдетте шетел валютасына: долларға, евроға, юаньға қажеттілік жоғары. Әсіресе, егер олар валюталық түсімді алса. Кредиттеу валютасын таңдауға қаражаттың мақсатты пайдаланылуы да әсер етеді», - деп хабарлады Әсет Тажікенов.

Оның айтуынша, несие құны көптеген факторларға байланысты болады. Мысалы, жоба қай салаға жатады, ол қаншалықты өміршең және оның экономикаға мультипликативті әсері қандай. Егер жоба «қарапайым заттар экономикасы» тетігінің периметріне кіретін болса, онда қарыз бойынша мөлшерлеме нарықтағыдан төмен болуы ықтимал, өйткені ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидияланатын болады, бұл да екінші деңгейдегі банктердің синдикатталған кредиттеуге қатысуы үшін маңызды.

Заңнамаға қабылданған түзетулер инвесторлар мен қазақстандық банктердің елдің ірі инвестициялық жобаларын қаржыландырудағы жеке капиталының қатысу үлесінің артуына алып келеді, экономиканың өсуін ынталандырады.

Осылайша, ҚДБ бағалауы бойынша синдикатталған кредит нысанында салынған әрбір 1 теңге жылдық баламада өнім шығару түрінде (жобалар жоспарлы қуаттарға шыққан кезде) орта есеппен 2,4 теңге өндіруге мүмкіндік береді.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар