21.04.2023

«Бәйтерек» Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

«Бәйтерек» Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды
2023 жылғы 20 сәуірде Аустрияның Грац қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған Қазақстан-Аустрия бизнес-форумы өтті. Форум Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты экономикалық байланыстарды орнартып, нығайтуға бағытталды.

Форум барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Қазақстанның ауыл шаруашылығын қолдайтын қаржылық шаралар туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде Н. Айдапкелов «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржы операторы ретінде экономиканың басым секторларына, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенге қолдау көрсететінін атап өтті.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені инвестиция салу үшін, оның ішінде аустриялық инвесторлар үшін ең тартымды салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның АӨК секторының инвестициялық тартымдылығына әсер ететін негізгі факторлар – бай жер ресурстары, географиялық орналасуы, нақты айтсақ Аустрияның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері біздің ел арқылы Қытайдың, ЕАЭО-ның және Парсы шығанағы елдерінің қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына шыға алады", - деді Холдингтің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, Нұрболат Айдапкелов Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің қаржыландыру үшін ерекше тартымды бағыттарын атап өтті, олар: құс етін өндіру, сиыр етін өңдеу, ірімшік пен сүзбе өндіру, қант өндіру, балық өсіру, алма өсіретін қарқынды бақтар, сүт тауарлары фермалары, бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар, өсімдік шаруашылығын қайта өңдеу және суару.

Сонымен қатар, форумда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобалары ұсынылып, оларға аустриялық инвесторлар қызығушылық білдірді.

Бұл форум Қазақстанның ел экономикасына шетелдік инвесторларды тарту, сондай-ақ Аустриямен экономикалық қатынастарды нығайту бағытындағы қадамдарының бірі болды.

Сондай-ақ, сапар аясында «Бәйтерек» холдингі Қазақстан-Аустрия экономикалық, аграрлық, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-отырысына қатысты.

Өз кезегінде, аустриялық тарап Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Бірқатар ірі аустриялық компаниялар Қазақстан нарығындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп, аграрлық сектор саласында өз қызметін табысты жүргізуде.

Айта кетейік, Аустрия Қазақстан Республикасының жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді және екіжақты сауда көлемі бойынша ЕО елдері арасында 9-орында. Аустрия үшін ТМД елдері арасында Қазақстан екінші ірі саудалық серіктес болып табылады.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар