06.12.2022

«Бәйтерек» АҚ еншілес компаниялары экономика секторларын қалай қолдауда

«Бәйтерек» АҚ еншілес компаниялары экономика секторларын қалай қолдауда
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары ел экономикасының түрлі секторы бойынша қандай қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы «Aktobe Investment-2022» VII инвестициялық халықаралық форумда аталған ұлттық холдингтің басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біздің холдинг 8 еншілес компаниядан тұрады. Холдингтің негізгі еншілес компанияларының бірі 8 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде активі бар «Қазақстанның Даму банкі». Аталған банк «жасыл» және жаңартылатын энергетика саласы бойынша, сол сияқты ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыруға басымдық береді.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қорлары арқылы акционерлік және венчурлық қаржыландыруды жүзеге асырады. Оның портфеліне капиталы 3,1 млрд АҚШ доллары құрайтын 19 тікелей инвестициялар қоры кіреді.

Шағын және орта бизнес «Даму» қорынан қаржылық қолдау ала алады.

Біз экспорттық келісімшарттар мен кредиттерді және импорттаушыларды сақтандыруды, жалпы экспорттаушыларды қолдау мен қорғауға арналған құралдардың кең спектрін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы арқылы жүзеге асырамыз.

«Отбасы банк» АҚ және «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ сияқты еншілес компаниялар тұрғын үй құрылысына жеңілдетілген ипотекалық несие береді.

«Береке банк» АҚ бұл коммерциялық ұйым. Оның заманауи инфрақұрылымы мен кәсіби командасы (шамамен 4 мың қызметкер) бар. Банк клиенттер мен бизнестің сұрауын қанағаттандыру үшін ең үздік өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Аталған шаралар елдің қаржы жүйесі үшін маңызы зор.

Біздің еншілес ұйымымыз «Аграрлық кредиттік корпорациясы» егін жинау жұмыстары мен инвестициялық жобаларды қаржыландырып, қаржы институттары қорын құрады. «Аграрлық кредиттік корпорациясы» 10 жылға дейінгі мерзімге және өтеудің 36 айға дейінгі жеңілдікпен және 6% сыйақы мөлшерлемесімен (субсидиялауды ескере отырып) 2 мың АҚШ доллары сомасында қарыз ұсына алады.

Аграрлық кредиттік корпорацияның еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» еліміздегі ең ірі лизингтік компания. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингі нарығының шамамен 90%-ы тиесілі. Компания фермерлерге жеңілдетілген шарттармен ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын лизингке алуға көмектеседі.

«Іскер қоғамдастық өкілдерін ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін холдингтің қаржы институттарының қолда бар құралдарын пайдалануға шақырғым келеді. «Бәйтерек» өз кезегінде бизнес өкілдерінің іскерлік бастамалары бойынша сенімді серіктес болуға және қаржыландыру бойнша ғана емес, сонымен қатар жобаларды құрылымдауда да қолдау көрсетуге дайын»,- деп толықтырды Нияз Көшкімбаев.


2212061830520048g.jpg


Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар