Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

23.08.2018

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының үшінші шығарылымын тіркеу туралы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының үшінші шығарылымын тіркеу туралы

2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Холдингтің облигациялары үшінші шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жүргізді. 
Облигациялардың үшінші шығарылымының көлемі – 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне Е77 нөмерімен енгізілді. 
Облигациялардың үшінші шығарылымының негізгі талаптары: 
1. Шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 
1) Шығарылатын облигациялардың саны – 100 000 000 (жүз миллион) дана; 
2) Номиналдық құны бойынша облигациялар шығарылымының жалпы көлемі – 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге.
2. Облигациялардың түрі – қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар. 
3. Бір облигацияның номиналдық құны – 1 000 (бір мың) теңге.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмері – KZ2C0Y20E775.
5. Облигацияларды орналастыруды бастау күні және оның айналымын бастау күні: облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу күнінен кейінгі келесі жұмыс күні. Облигациялар айналымының мерзімі облигациялар айналымын бастау күнінен 20 жылды құрайды. 
6. Облигацияларды орналастыру тәсілі: заңнамаға сәйкес жазылу жолымен айналымның бүкіл мерзімі ішінде; облигациялар акцияларға айырбасталатын болып табылмайды; эмитент облигацияларды орналастыруды өз бетінше жүзеге асырады.
7. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде тиянақталған болып табылады және облигациялардың номиналдық құнынан 0,1% (нөл бүтін дәне оннан бір пайызды) құрайды. Сыйақы төлеу жылына 360 күн және айына 30 күн есебінен жылына екі рет жүргізіледі, тиісінше, облигацияларды орналастыру күнінен бастап әр 6 ай сайын өтеу күніне дейін жыл сайын жүргізіледі.  
8. Облигациялар өтеу күні төленетін кезеңнің соңғы күні басталғандағы жағдай бойынша облигациялар тізілімінде тіркелген облигация ұстаушыларының ағымдағы шоттарына облигациялар өтелген күннен бастап айналым кезеңі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ақша аудару арқылы бір уақытта сыйақыны төлеп, теңгеде облигациялардың номиналдық құны бойынша өтеледі. 
9. 2024 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Эмитент толық өтеу мақсатымен ғана барлық облигацияларды номиналдық құны бойынша сатып алуға және/немесе үшінші тұлғаға сату құқығынсыз ішінара сатып алуға құқылы. Бұл ретте эмитент сатып алу күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын тиісті хабарлама жолдау арқылы облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу мақсатымен облигацияларды сатып алу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың назарына жеткізеді. Облигацияларды сатып алу облигациялар бойынша есептелген сыйақыны тиісті төлемімен бірген номиналдық құны бойынша жүзеге асырылады.
10. Орналастыру туралы шешім қабылданған күн: 2014 жылғы 20 қараша (Холдингтің Директорлар кеңесі ішкі отырысының № 09/14 хаттамасы).

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар