Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

23.08.2018

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының екінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының екінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

2014 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының екінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті. 
1. Есептің мемлекеттік тіркелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2. Есепті кезең ішінде түрлері бойынша орналастырылған облигациялардың саны: орналастырылғаны – қамтамасыз етілмеген купондық облигациялардың 50 000 000 (елу миллион) данасы. 
3. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2014 жылғы 23 қазандағы № Е74.   
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмері KZ2C0Y20E742.
5. Бір облигацияның номиналды құны – 1 000 (бір мың) теңге. Облигациялардың айналым мерзімі облигацияларды айналымға енгізу күнінен бастап 20 жылды құрайды. Сыйақыны төлеу бір жылда 360 күн және бір айда 30 күн уақытша база есебінен жылына екі рет, тиісінше, өтеу күніне дейін жыл сайын облигацияларды орналастыру күнінен бастап әр 6 (алты) ай сайын жүргізіледі. Сыйақыны төлеу облигацияларды ұстаушылардың тізілімін тияқнақтау күнінен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы теңгемен жүзеге асырылады.  Облигацияларды ұстаушылардың тізілімі тиісті купондық кезеңнің соңғы күнінің басында тиянақталады. Облигациялар облигациялардың номиналдық құны бойынша облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде облигацияларды өтеу күні төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша облигациялар тізілімінде тіркелген облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы сыйақыны теңгемен бірмезгілде төлей отырып өтеледі. Облигациялар ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында ғана айналымға түседі. 
6. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде тияқнақталған болып табылады және Облигациялардың номиналдық құнынан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайызды) құрайды.  
7. Орналастыру кезеңі 2014 жылғы 30 қазаннан бастап 2014 жылғы 30 қазанға дейін. Шығарылым толық көлемде орналастырылды.
8. Облигацияларды орналастыру туралы шемімді қабылдау күн – 2014 жылғы 30 қыркүйек. 
9. Есепті кезең ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның облигациялары сатып алынбады. 
10. Көрсетілген кезең ішінде облигациялар бойынша сыйақылар төленген жоқ. Сыйақы уақтылы төлеу бойынша қарыздар жоқ.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар