Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

22.05.2024 19:03:44

Холдинг өзінің (KZ2C00007052, BTRKb4) облигациялары бойынша жетінші купонды төледі

28.08.2018

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның екінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның екінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

2015 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның екінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті. 
1. Есептің тіркелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2. Есепті кезең ішінде түрлері бойынша орналастырылған облигациялардың саны: орналастырылғаны – қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар 92 500 000 (тоқсан екі миллион бес жүз мың) дана. 
3. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – 2015 жылғы 20 қаңтардағы  № Е87-1.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмері KZP01Y30E879.
5. Бір облигацияның номиналды құны – 1 000 (бір мың) теңге. Облигациялардың айналым мерзімі облигацияларды айналымға енгізу күнінен бастап 30 жылды құрайды. Сыйақыны төлеу жылына 360 күн және айына 30 күн уақытша база есебінен жылына екі рет, тиісінше, жыл сайын облигацияларды орналастыру күнінен бастап әр 6 (алты) ай сайын өтеу күніне дейін жүргізіледі. Сыйақыны төлеу облигацияларды ұстаушылардың тізілімін тияқнақтау күнінен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы теңгемен жүзеге асырылады. Облигацияларды ұстаушылардың тізілімі тиісті купондық кезеңнің соңғы күнінің басында тиянақталады. Облигациялар облигациялардың номиналдық құны бойынша облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде облигацияларды өтеу күні төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша облигациялар тізілімінде тіркелген облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы сыйақыны теңгемен бірмезгілде төлей отырып өтеледі. Облигациялар ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында ғана айналымға түседі. 
6. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде тияқнақталған болып табылады және Облигациялардың номиналды құнынан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайызды) құрайды. 
7. Орналастыру кезеңі 2015 жылғы 21 қаңтардан бастап 2015 жылғы 17 ақпанға дейін. Шығарылым толық көлемде орналастырылды.
8. Облигацияларды орналастыру туралы шемім қабылданған күн – 2014 жылғы 29 желтоқсан. 
9. Есепті кезең ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның облигациялары сатып алынбады. 
10. Көрсетілген кезең ішінде облигациялар бойынша сыйақылар төленген жоқ. Сыйақыны уақтылы төлеу бойынша қарыздар жоқ.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар