Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

28.08.2018

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың екінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың екінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

2015 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың екінші шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті. 
1. Есептің тіркелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2. Есептік кезең ішінде түрлері бойынша орналастырылған облигациялардың саны: орналастырылғаны – қамтамасыз етуінсіз купондық облигациялар 38 095 125 (отыз сегіз миллион тоқсан бес мың жүз жиырма бес) дана. 
3. Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – 2015 жылғы 20 мамырдағы  № Е73-2.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмері KZP02Y20E738.
5. Бір облигацияның номиналды құны – 1 000 (бір мың) теңге. Облигациялардың айналым мерзімі облигацияларды айналымға енгізу күнінен бастап 20 жылды құрайды. Сыйақыны төлеу жылына 360 күн және айына 30 күн уақытша база есебінен жылына бір рет, тиісінше, жыл сайын облигацияларды орналастыру күнінен бастап әр 12 (он екі) ай сайын өтеу күніне дейін жүргізіледі. Сыйақыны төлеу облигацияларды ұстаушылардың тізілімін тиянақтау күнінен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы теңгемен жүзеге асырылады. Облигацияларды ұстаушылардың тізілімі тиісті купондық кезеңнің соңғы күнінің басында тиянақталады. Облигациялар облигациялардың номиналдық құны бойынша облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде облигацияларды өтеу күні төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша облигациялар тізілімінде тіркелген облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы сыйақыны теңгемен бірмезгілде төлей отырып өтеледі. Облигациялар ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында ғана айналымға түседі. 
6. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде тияқнақталған болып табылады және Облигациялардың номиналды құнынан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайызды) құрайды. 
7. Орналастыру кезеңі 2015 жылғы 26 наурыздан бастап 2015 жылғы 27 наурызға дейін. Шығарылым толық көлемде орналастырылды.
8. Облигацияларды орналастыру туралы шемім қабылданған күн – 2014 жылғы 30 маусым. 
9. Есептік кезең ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның облигациялары сатып алынбады. 
10. Көрсетілген кезең ішінде облигациялар бойынша сыйақылар төленген жоқ. Сыйақыны уақтылы төлеу бойынша қарыздар жоқ.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар