"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 5 000 086 550 дана;
- компанияның 1 301 095 973 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ болып табылады.
* Сұрақтарға жауап алуды жылдамдату үшін, сұрақты нақты және түсінікті баяндауыңызды өтінеміз. Сұрақты жібермес бұрын, сайттағы материалдарды қарап көргеніңіз жөн, себебі Сіздің сұрағыңызға жауап сол жердеболуы мүмкін.