Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

26.12.2022

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ  облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысын  өткізу туралы хабарлама

2023 жылғы 23 қаңтарда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының облигация ұстаушылардың отырыссыз сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібі бойынша:

  • «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы»;

  • «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы»;

  • «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың үшінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы»

  • жалпы жиналысы өткізілетін болады.

Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімінің негізінде оны өткізгенге дейін үш жұмыс күні бұрын жасалады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен эмитенттің орналасқан жері бойынша танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а ғимараты, байланыс телефондары: 91-92-04, 91-91-80.

Жалпы жиналысқа қатысу сырттай дауыс беру бюллетенін ұстаушыларға эмитенттің ресми сайтында, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жиналыстың өткізілетіні туралы хабарламамен бір мезгілде жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетень 2023 жылғы 20 қаңтар күні сағат 19.00-ге дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мекенжайына Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а ғимараты, байланыс телефондары: 91-92-04, 91-91-80 жолдануы тиіс.

Тиісті түрде толтырылған бюллетеньдерді барлық облигация ұстаушылардан дауыстарды санаудың белгіленген күнінен бұрын алған жағдайда, сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу барлық облигация ұстаушылардан бюллетеньдер келіп түскеннен кейінгі келесі күні жүзеге асырылады.

Жиналыстың қорытындысы эмитенттің ресми сайтында, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланады

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар