"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
Кеңес ал!
Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдн әрі – Қоғам) Директорлар кеңесі
1. Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар
1.1. Үміткер директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін:
1.1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі тиіс.
1.1.2. Банк қызметіне сипаты мен көлемі жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер жөнінде жалпы ақпаратты білуі тиіс, осыған дейін ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибесі және кемінде 2 (екі) жыл кәсіби тәжірибесі болуы тиіс, сондай-ақ:
1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарын;
2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелес ортаны түсінетінін көрсетуі тиіс.
1.1.3. Ұсынылған ақпаратты талдап, жан-жақты бағалай білуі тиіс және заңдылық, әділеттілік пен барлық акционерлерге бірдей қарым-қатынас қағидаттары негізінде тиісті мәселе бойынша тәуелсіз ұстаным ұсынуы тиіс. Өз пікірін білдіріп, көзқарасын дәйекті қорғай білу қабілеті болуы тиіс.
1.1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаттарын білуі тиіс.
1.1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделі/оң жетістіктері болуы тиіс. Үміткердің өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.
1.1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына қатысу, Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу және одан тыс уақытта Директорлар кеңесінің отырыстарына арналған материалдарды тиісінше зерделеу үшін жеткілікті уақыты болуы тиіс.
1.1.7. 3 (үштен) көп басқа компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болмауы тиіс.
1.1.8. Жыл сайын тәуелсіздігін растау рәсімінен өтуі тиіс және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар етуі қажет.
2. Арнайы талаптар
2.1. Қаржы ұйымдары болып табылатын тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар
2.1.1. Қаржы ұйымы болып табылатын Қоғамның тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2.2. Қаржы, аудит және бақылау саласындағы тәуелсіз директор-мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.
2.2.1. Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қаржылық менеджмент/қаржылық анализ/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит/тәуекел менеджменті саласындағы қосымша білім/кәсіби сертификатталуы.
2.2.2. Мамандығы бойынша еңбек өтілі 7 жылдан кем болмауы тиіс.
2.2.3. Қаржы ұйымдарының басқару органдарында немесе атқарушы органдарында/холдинг құрылымдарында/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржы қызметтерін реттеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) қаржы аудитін жүргізу/комплаенс менеджменті бойынша қызмет көрсететін ұйымдарда басшы/әріптес ретінде/басқару органдарында/атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
2.3. Сыйақы/әлеуметтік мәселелер/корпоративтік мәдениет саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.
2.3.1. Жоғары білім және (немесе) «Іскерлік әкімшілендіру магистрі»/ «Философия докторы» дәрежесі және (немесе) басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім. Персоналды басқару/әлеуметтік даму теориясы бойынша білімге ие болу.
2.3.2. Холдингтік құрылымдардағы/ұлттық компаниялардағы басқару органдарында немесе атқарушы органдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) басқару органдарында/атқарушы органдарда және (немесе) бизнес немесе HR консалтинг саласында мамандандырылған компанияларда басшы/серіктес ретінде жұмыс тәжірибесі және (немесе) HR директор/жылдық айналымы кемінде 20 млн. АҚШ долларын құрайтын қазақстандық және халықаралық компаниялардағы HR/ Заң сараптамасы/ корпоративтік жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін басшы ретінде тәжірибесі.
2.3.3. Басшылық лауазымдарда/жоғары және орта басқару буынының персоналымен жұмыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы тиіс.
2.4. Инвестицияларды басқару саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.
2.4.1. Қаржы, корпоративтік қаржы, инвестициялар, инвестициялық менеджмент немесе инвестициялық талдау саласындағы жоғары білім, бухгалтерлік есеп/тәуекел менеджменті/ қаржы саласындағы қосымша білім/ кәсіби сертификаттау.
2.4.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, бағалы қағаздар портфелін басқару қағидаттары, инвестицияларды бағалау әдістері, қаржылық есеп және есептілік стандарттары саласындағы білім.
2.4.3. Инвестициялық қызмет саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
2.4.4. Басқару органдарында/атқарушы органдарда/ басшы лауазымдарда (құрылымдық бөлімшелерді үйлестіруді жүзеге асыратын және олардың негізінде қаржылық операциялар жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымдарда) инвестициялық қызметті/компанияларды жылдық айналымы кемінде 20 млн. АҚШ доллары болатын қор нарығына шығаруды жүзеге асыратын қаржы ұйымдарында/холдингтік құрылымдарда /мемлекеттік органдарда/ халықаралық даму банктерінде/ халықаралық қаржы/сақтандыру компанияларында/ халықаралық және «немесе) қазақстандық компанияларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі.
2.5. Инновацияларды дамыту саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.
2.5.1. Менеджмент саласындағы жоғары техникалық/экономикалық/қаржылық білім және (немесе) жоғары білім, инновациялық менеджмент саласындағы қосымша дайындық.
2.5.2. Жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Басқарушы лауазымдарда/инновациялық менеджмент саласындағы сарапшы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
2.5.3. Инновацияларды дамыту және енгізу тиімділігін бағалау саласындағы білім және практикалық тәжірибе, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және қаржыландыру принциптерін білу.
2.5.4. Инновациялық жобаларды басқарудағы, жаңа идеяларды іске асырудағы, практикалық іске асыруды бастаудағы және оны бірегей қасиеттері бар тұтыну тауарларын құрғанға дейін өміршең үнемді өнімге және (немесе) жоғары технологиялар негізінде жаңа өнімдерді әзірлеудегі тәжірибеге айналдырудағы тәжірибе.
2.5.5. Қазақстан Республикасының басым/базалық салалары нарығында, сондай-ақ нарықтың қажеттілігін айқындау және бағалау үшін инновациялық өнім нарығында қалыптасқан жағдайды білу.
2.6. Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.
2.6.1. Жоғары білім, менеджмент/қаржы/құқық саласындағы қосымша білім.
2.6.2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын білу.
2.6.3. Жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Басшы лауазымдардағы, орта бизнес ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
2.6.4. Бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын және (немесе) нарықта кемінде 5 жыл жүрген сапалы және талап етілетін қызметтер көрсететін табысты компанияны (орта бизнесті) нөлден құру/жүргізу (меншік иесі/серіктес/басқарушы немесе атқарушы органның мүшесі/бірінші басшы ретінде) тәжірибесі.
Тәуелсіз директор лауазымына арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар ch.yerezhenov@baiterek.gov.kz электронды поштасына мына құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілген үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу туралы кандидаттың өтініші;
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қоса берілген нысанға сәйкес кандидат туралы мәлімет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 мамырды қоса алғанда.