"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: Проблемалық берешекті өндіріп алу жұмыстарын жүргізеді (соттан тыс талап-арыз жұмысының рәсімдері, мүлікті Холдинг балансына қабылдау және т.б.).
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
Экономика, қаржы, саласындағы кәсіби білім, жоғары заңгерлік білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
· Кәсіпорын қызметін қаржылық-экономикалық талдау әдістерін білу;
· «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңын білу;
· «ҚР бағалау қызметі туралы» ҚР Заңын білу;
· Салалық заңнаманы, қадағалау және бақылау органдарының талаптарын білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
· Күрделі мәселелер мен сұрақтарды уақытында шешу дағдысы;
· Ауқымды деректерді талдау, оның негізінде аналитикалық қорытынды жазу дағдылары;
· Басқарушылық есептілікті жасап, талдай білу;
· Келіссөздер жүргізу дағдысы (сендіре білу қабілеті, өзара пайдалы мәмілеге келуге бағдарлай білу) және дамыған коммуникациялық дағдылар;
· Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы;
· Сараптамалық қорытындылар мен нормативтік актілерді жазу дағдысы;
· Көп тапсырмалармен жұмыс істей білу, оларды шұғыл орындай білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсер ету
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгерістерге бейімделе білу
Командамен жұмыс істей білу
Жауапкершілік
Даму
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 23.06.2022 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АШАМБД бас менеджері» (проблемалық берешекпен жұмыс бойынша) деп көрсетіңіз.