Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

21.06.2022

Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді қайта іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің бас менеджері.      

Лауазымдық міндеттері: АӨК саласындағы еншілес ұйымдармен (бұдан әрі - ЕҰ), Холдингтің АӨК саласындағы негізгі қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Экономика, қаржы, заң немесе басқару (менеджмент) саласындағы жоғары білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

· Холдингтің еншілес ұйымдарына арналған міндеттерді көздейтін, агроөнеркәсіптік секторды дамыту мәселелерін қозғайтын салалық заңнаманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын;

· қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді оңтайландыру саласындағы білім мен тәжірибе;

· агроөнеркәсіптік сектордағы жаһандық салалық трендтер, ҚР және әріптес елдердің салалық нарығын түсіну;

· жоспарлау/болжау, SWOT талдау қағидаттарын білу;

· мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

· индикативтік көрсеткіштерді талдау, жинау, цифрландыру және мониторингілеу процесін құру;

· іскерлік хат алмасуда, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылда Холдингтің ұстанымын сауатты қалыптастыру және дәлелдеу;

· бизнес-аналитиканың қолданбалы бағдарламаларын, деректерді визуалдау панельдерін пайдалану;

· аналитикалық материалдарды, қорытындыларды, презентацияларды әзірлеу және жазу;

· өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;

· мониторинг процестері мен сабақтас корпоративтік және өндірістік функциялар арасындағы тиімді интеграцияны құру.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық                                                                       

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                  

Жұмыс процестеріне әсер ету                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                    

Өзгерістерге бейімделе білу                                                                         

Командамен жұмыс істей білу

Жауапкершілік

Даму                                                

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы hrd@baiterek.gov.kz 23.06.2022 ж. дейін қабылданады.

Хат тақырыбында «АШАМБД бас менеджері» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар