"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Активтерді басқару департаментінің жоба жетекшісі бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Активтерді басқару департаментінің жоба жетекшісі.
Лауазымдық міндеттері: Холдингтің Стратегиясы және ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымдарының (бұдан әрі - ЕҰ) Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету, ЕҰ активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету және Холдингтің активтерін тиімді басқару жөніндегі стратегиялық және операциялық міндеттерге қол жеткізу мақсатында департамент құзыреті шеңберінде ЕҰ қызметін үйлестіру.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
Басқару/менеджмент, экономика, бизнес/іскерлік әкімшілендіру, қаржы, құқық саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
· «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін (мүмкіндігінше) білу;
· корпоративтік басқару негіздерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• презентациялар дайындау және іскерлік қарым-қатынас;
• ақпаратты жедел өңдеу және талдау;
• қаржылық талдау жүргізу, электрондық кестелермен жұмыс істей білу;
• нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу;
• құжат айналымының электрондық жүйесін қолдану;
• MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын озық пайдаланушы деңгейінде пайдалану.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсер ету
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгерістерге бейімделе білу
Командамен жұмыс істей білу
Жауапкершілік
Даму
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 17.06.2022 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АБД жоба жетекшісі» деп көрсетіңіз.