"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаментінің жоба жетекшісі бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаментінің жоба жетекшісі.
Лауазымдық міндеттері: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын құрылымдау, талдау және мониторингілеу жұмысын үйлестіреді және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ инвестициялық саясатын тиімді іске асыру мақсатында ішкі регламенттеуші құжаттар шеңберінде еншілес ұйымдардың қарауындағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Инвесторлар тарту және халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты үйлестіреді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Экономика/қаржы/қолданбалы математика/құқық/техникалық ғылымдар саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 2 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
· Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;
· «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
· Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін білу;
· Жобаларды басқару негіздері;
· Қаржылық талдау және қаржылық модельдеу;
· Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау;
· Макроэкономикалық және салалық талдау негіздері;
· Инвестициялар, банк қызметі, кәсіпкерлік саласындағы ҚР заңнамасы («Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы);
· Қолданыстағы мемлекеттік даму бағдарламалары;
· «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының қолдау құралдарын білу;
· Корпоративтік қаржы саласындағы білім;
· «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің саласын және қаржы нарығын жақсы білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
· Дамытылған аналитикалық қабілет;
· Инвестициялық жобалар бойынша аналитикалық қорытындыларды өз бетінше дайындау машығы;
· Жобалар бойынша қаржылық модельдерді құру және талдау (базалық модельдеу);
· Талдау материалдарын (анықтамалар, тизерлер және т.б.), презентациялар мен баяндамалар, инвестициялық меморандумдар дайындау тәжірибесі;
· Microsoft Office негізгі бағдарламаларын білу
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсер ету
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгерістерге бейімделе білу
Командамен жұмыс істей білу
Жауапкершілік
Даму
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 14.04.2022 ж. дейін қабылданады.