"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: Холдингтің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы еншілес ұйымдарын («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) (бұдан әрі – АӨК саласындағы ЕҰ) республикалық бюджет, жергілікті атқарушы органдар қаражатынан қаржыландыруды, сондай-ақ кейіннен олардың мониторингін сүйемелдеу жолымен ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына жәрдемдесу.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Экономика/қаржы саласындағы жоғары кәсіби білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
· Бюджеттік инвестицияларды тарту және олардың мониторингі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
· Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
· Кәсіпорын қызметін қаржылық-экономикалық талдау әдістерін білу;
· Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын (ХҚЕС) білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
· Қаржылық-экономикалық модельді жасау және бағалау дағдылары;
· Қаржылық-экономикалық модельді әзірлеу кезінде қаржылық көрсеткіштер мен коэффициенттерді талдау және есептеу;
· MS Excel ілгері пайдаланушы.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсер ету
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгерістерге бейімделе білу
Командамен жұмыс істей білу
Жауапкершілік
Даму
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 14.04.2022 ж. дейін қабылданады.