Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

04.04.2022

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ тәуелсіз директорларының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ тәуелсіз директорларының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

Бос лауазымдардың атауы: тәуелсіз директор

Компанияның атауы: «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесі

1. Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін кандидат:

1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында айқындалған тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі тиіс.

1.2. Қоғам қызметіне көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратты білу, кандидаттыққа өзін ұсынар алдында кемінде 2 жыл ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибесінің және кәсіби тәжірибесінің болуы тиіс, сондай-ақ мыналарды:

1)   Қоғамға қатысты заңнама талаптарын;

2)   ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелес ортаны білетінін көрсете білуі қажет.

1.3. Ұсынылатын ақпаратты талдап, объективті баға бере білуі және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қарым-қатынас қағидаттары негізінде белгілі бір мәселе бойынша тәуелсіз ұстаным қалыптастыра білуі тиіс. Жеке пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілеті болуы тиіс.

1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму принциптерін білуі тиіс.

1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада беделі мінсіз/жақсы жетістіктері болуы тиіс. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.

1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеуге қатысу үшін жеткілікті уақыты болуы тиіс.

1.7. Басқа компаниялардың 3 (үштен) көп директорлар кеңесінің құрамында мүше болмауы тиіс.

1.8. Жыл сайын тәуелсіздікті растау рәсімін жүзеге асырып, тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда, ол туралы компанияны хабардар етуі тиіс.

2. Арнайы талаптар:

2.1.    Қаржы ұйымдары болып табылатын тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар.

2.1.1. Қаржы ұйымы болып табылатын Қоғамның тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

2.2.    Қаржы, аудит және бақылау саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар.

2.2.1. Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит/тәуекел менеджменті саласындағы қосымша білім/кәсіби сертификаттаудан өтуі.

2.2.2. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем болмауы тиіс.

2.2.3. Қаржы ұйымдарының басқару органдарында немесе атқарушы органдарында/холдинг құрылымдарында/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржы қызметтерін реттеу саласында жұмыс тәжірибесі және (немесе) қаржы аудитін/менеджмент комплаенсін жүргізу бойынша қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарда басшы/серіктес ретінде/басқару органдарында/атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

2.3.    Сыйақылар/әлеуметтік мәселелер/корпоративтік мәдениет саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар.

2.3.1. Жоғары білім және (немесе) «Іскерлік әкімшілендіру магистрі»/«Философия докторы» дәрежесі және (немесе) басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім. Персоналды басқару/әлеуметтік даму теориясы саласында білімі болуы тиіс.

2.3.2. Холдингтік құрылымдардағы/ұлттық компаниялардағы басқару органдарында немесе атқарушы органдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) бизнес немесе HR консалтинг саласында маманданатын компанияларда басқару органдарында/атқарушы органдарда және (немесе) басшы/серіктес ретінде жұмыс тәжірибесі және (немесе) жылдық айналымы кемінде 20 млн. АҚШ доллары болатын қазақстандық және халықаралық компанияларда HR-директор/HR/заңгерлік сараптама/ корпоративтік жанжалдарды реттеу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін басшы ретінде жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

2.3.3. Басшылық лауазымдарда/ жоғары және орта басқару буынының персоналымен жұмыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы тиіс.

2.4.    Инвестицияларды басқару саласындағы тәуелсіз директор-мамандар лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар.

2.4.1. Қаржы, корпоративтік қаржы, инвестициялар, инвестициялық менеджмент немесе инвестициялық талдау саласындағы жоғары білім, бухгалтерлік есеп/тәуекел менеджменті/қаржы саласындағы қосымша білім/кәсіби сертификаттаудан өтуі.

2.4.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, бағалы қағаздар портфелін басқару қағидаттары, инвестицияларды бағалау әдістері, қаржылық есепке алу және есептілік стандарттары саласындағы білім.

2.4.3. Инвестициялық қызмет саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс.   

2.4.4. Басқару органдарында/атқарушы органдарда/қаржы ұйымдарында/холдинг құрылымдарында/мемлекеттік органдарда/халықаралық даму банктерінде/халықаралық қаржы/сақтандыру компанияларында/инвестициялық қызметті жүзеге асыратын/компанияларды қор нарығына шығаратын, жылдық айналымы кемінде 20 млн. АҚШ доллары болатын қазақстандық және (немесе) халықаралық компанияларда басшы лауазымдарда (құрылымдық бөлімшелерді үйлестіруді жүзеге асыратын және қаржы операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымдарда) кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

3. Міндеттерді орындау үшін қажет жеке-іскерлік құзыреттер:

3.1. Мотивация («барынша қатысу» ішкі құндылығы және ерікті ретінде қатысуға дайын болу)

3.2. Қоғам қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік

3.3. Басты құзыреттер: әдептілік, топпен жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық пайымдау, белсенді қатысу.                                         

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар hrd@baiterek.gov.kz email-ына мына құжаттарды жолдауы қажет:

1) қоса берілген үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу туралы кандидаттың өтініші;

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қоса берілген нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер.

Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар назарға алынады:

1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

3) жұмыс өтілі;

4) білімі, мамандығы, халықаралық сертификаттарының болуы;

5) кемінде 2 жыл бағыттар мен салалар бойынша (салалар активтер портфеліне қарай өзгеруі мүмкін) құзыретінің/басшылық тәжірибесінің болуы;

6) іскерлік беделі;

7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы;

8) директордың «Сертификатталған директор» кәсіби сертификаттаудан өтуі (тәуелсіз директорлар үшін).

Директорлар кеңесіне мына адам сайлана алмайды:

1) Қоғаммен бәсекелес заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын адам;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе шешілмеген соттылығы бар адам;

4) бұрын белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар