Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

15.03.2022

Корпоративтік хатшының орынбасары-КХҚ басшысы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік хатшының орынбасары-Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік хатшының орынбасары-Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы.      

Лауазымдық міндеттері: Холдинг қызметінде корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін енгізу мақсатында Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Директорлар кеңесінің мүшелері, Директорлар кеңесі мен менеджмент, Холдинг және оның Жалғыз акционері арасында тиімді коммуникациялар орнатады, сондай-ақ Холдинг Омбудсменінің функцияларын орындайды.      

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі

Корпоративтік басқару (құқық, қаржы) бойынша сертификаттаудан өткені құпталады.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).

Орындаушылар тобын басқару бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

·        Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, аемлекеттік мүлік және бағалы қағаздар нарығы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы;

·        Эмитенттің, акционерлердің, директорлар кеңесінің және директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;

·        Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға қолданылатын уәкілетті органдардың бұйрықтарымен бекітілген ережелер;

·        Мемлекеттік хаттаманы білу;

·        Корпоративтік басқарудың отандық және халықаралық стандарттары, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексі;

·        Холдингтің қаржылық-шаруашылық қызметі;

·        Ағылшын тілін білу.

 Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

·        Іскерлік хат алмасуды қоса алғанда, жазбаша және ауызша тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары

·        Шешім қабылдайтын негізгі тұлғалармен және мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құрып, дамыта білу, әріптестермен, сыртқы әріптестермен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен әріптестік өзара қарым-қатынастар желісін құрып, қолдай білу

·        Іскерлік және қызметтік әдеп дағдылары

·        Медиация дағдылары

·        Дау-жанжалдарды басқара білу дағдылары

·        Ақпараттық технологиялар жүйелерін (Word, Excel, Powerpoint, Outlook) және т.б. қолдана отырып жұмыс істей білу дағдылары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық                                                                        

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                  

Жұмыс процестеріне әсер ету                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                    

Өзгерістерді басқару                                                                         

Командамен жұмыс істей білу 

Қарамағындағыларды ынталандыра білу                                                                 

Нәтиже үшін жауапты бола білу                                                                         

Даму                                                                        

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 24.03.2022 ж. дейін қабылданады. 

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар