Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

14.02.2022

«Даму» Қорына тәуелсіз директор қажет

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директорларының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

Бос лауазымдардың атауы: тәуелсіз директор

Компанияның атауы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесі

1. Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін кандидат:

1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі тиіс.

1.2. Қоғам қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратқа ие болу, ұсыну алдындағы кемінде 2 жыл ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибеге және кәсіби тәжірибеге ие болу, сондай-ақ:

1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарына;

2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелес ортаға түсіністік таныту.

1.3. Ұсынылған ақпаратты талдай және объективті бағалай білу және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қатынас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз позицияны қалыптастыру. Өз пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілетіне ие болу.

1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму принциптерін білу.

1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болу. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.

1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін де қатысу үшін жеткілікті уақыт болуы тиіс.

1.7. Басқа компаниялардың 3 (үштен) артық Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмау.

1.8. Жыл сайын тәуелсіздікті растау рәсімін жүзеге асыру және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар ету.

2. Арнайы талаптар:

2.1. Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

2.1.1. Жоғары білім, менеджмент/қаржы/құқық саласында қосымша білім.

2.1.2. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын білу.

2.1.3. Жалпы еңбек өтілі 7 жылдан кем емес. Басшылық лауазымдардағы, орта бизнес ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

2.1.4. Бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын және (немесе) сапалы және талап етілетін қызметтер көрсететін, нарықта кемінде 5 жыл болған табысты компанияны (орта бизнесті) нөлден бастап құру/жүргізу (меншік иесі/әріптес/басқарушы немесе атқарушы органның мүшесі/бірінші басшы ретінде) тәжірибесі.

3. Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

3.1. Мотивация («беру» ішкі құндылығы және еріктілікке дайындық)

3.2. Қоғам қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік

3.3. Түйінді құзыреттер: әдептілік, командада жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық пайымдау, белсенді қатысу                                          

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар келесі құжаттарды hrd@baiterek.gov.kz email-ға жолдайды:

1) қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысуға кандидаттың өтініші;

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қоса беріліп отырған нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер >>.

Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар назарға алынады:

1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

2) Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

3) жұмыс өтілі;

4) білімі, мамандығы, халықаралық сертификаттарының болуын қоса алғанда;

5) бағыттар мен салалар бойынша кемінде 2 жыл құзыретінің/басшылық тәжірибесінің болуы (салалар активтер портфеліне қарай өзгеруі мүмкін);

6) іскерлік бедел;

7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы;

8) директордың «Сертификатталған директор» кәсіби сертификаттауының болуы (тәуелсіз директорлар үшін).

Директорлар кеңесіне мынадай адам сайлана алмайды:

1) Қоғаммен бәсекелесетін атқарушы органның қатысушысы, басшысы, басқару органының мүшесі немесе заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тұлға;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) бұрын банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, Атқарушы органның бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар