Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

25.01.2022

Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ негізгі қызметкер болмаған кезеңге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері бос лауазымына кандидатты іздеуді жариялайды

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері.      

Лауазымдық міндеттері: қаржылық есептілікті шоғырландыруды, шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыруды, аудит және ХҚЕС сәйкестігі мәселелерінде сыртқы аудиторлармен және еншілес ұйымдармен жұмысты жүзеге асырады, толық, уақтылы және дұрыс қаржылық есептілікті қалыптастыру және ұсыну мақсатында ҚР заңнамасы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары және Холдингтің ішкі құжаттары шеңберінде қаржылық шоғырландыру блогының басқарушылық есептілік жүйесін автоматтандыру бойынша әдіснаманы, жобаны әзірлеуге қатысады.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): жоғары экономикалық немесе қаржылық білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл;

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін 3 жылдан кем емес (Холдингтің компаниялар тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында артықшылық беріледі).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

·         «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

·         Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мүлік және бағалы қағаздар нарығы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы;

·         Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

·         Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу;

·         Туындаған проблемаларды тиімді шеше білу және адамдармен өзара іс-қимыл жасай білу (күн сайын банктермен, жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен, оның ішінде салық органдарымен, еншілес ұйымдармен жұмыс істеу кезінде);

·         Іскерлік хат алмасуды тиімді жүргізу дағдылары;

·         Холдинг қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдану;

·         Қаржылық есептілікті жүргізу және қалыптастыру дағдылары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық                                                                       

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                  

Жұмыс процестеріне әсері                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                    

Өзгеру қабілеті                                                                         

Командалық                                                                   

Жауапкершілік                                                                         

Дамыту                                                                           

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы      

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері 31.01.2022 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email арқылы қабылданады.

Хат тақырыбында «БЕжЕД бас менеджері» деп көрсетілуі керек.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар