Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

21.01.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы.      

Лауазымдық міндеттері: СЖҚКҚ жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Холдингтің ішкі құжаттарына және СЖҚКҚ туралы ережеге сәйкес СЖҚКҚ-ға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету; Холдингтегі сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тұлғалардың (жеке және заңды) өтініштерін қарау және жедел желіні әкімшілендіру, оның ішінде Холдингтегі сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қоңыраулар қабылдау, кейіннен мәселелерді зерделеп, тиісті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы заңнамасының және Холдингтің ішкі нормативтік құжаттарының нормаларын басшылыққа ала отырып, Холдингтің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің бұзушылық фактілеріне тексеріс жүргізу; комплаенс-тәуекелді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелері шеңберінде тергеп-тексерулер мен комплаенс-тексерістер жүргізу; Холдинг қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын жүргізу арқылы комплаенс-мәдениетті, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; Холдинг қызметкерлерінің СЖҚКҚ тексерістерінің, сондай-ақ өзге де уәкілетті органдар тарапынан жүргізілген тексерістердің нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындау мақсатында Холдинг жоспарлаған және (немесе) жүзеге асыратын іс-шараларға мониторинг жүргізу; СЖҚКҚ құзыретіне кіретін мәселелерді Холдингтің Директорлар кеңесі мүшелерімен талқылауларға, консультацияларға бастамашылық жасау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеп, енгізу; заңнамалық, реттеушілік, талдамалық құжаттарды мониторингілеу және Холдингтің ішкі рәсімдері мен құжаттарына өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізу.      

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Құқық немесе экономика және қаржы саласындағы жоғары білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе экономика және қаржы салаларында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).

Орындаушылар тобын басқару бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

·        Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

·        Қазақстан Республикасының Конституциясы;

·        Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

·        Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

·        «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

·        Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;

·         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

·        мемлекеттік тілді ортадан жоғары деңгейде білу.

 Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

·        MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook), электрондық құжат айналымы жүйесі және 1С жүйесі бағдарламаларын меңгеру дағдылары (озық пайдаланушы)

·        Шешім қабылдайтын негізгі тұлғалармен және мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас құрып, дамыта білу, әріптестермен, сыртқы әріптестермен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен әріптестік өзара қарым-қатынастар желісін құрып, қолдай білу

·        Дау-жанжалдарды басқара білу дағдылары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық                                                                        

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                  

Жұмыс процестеріне әсер ету                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру                                                                     

Өзгерістерге бейімделе білу                                                                         

Командамен жұмыс істей білу                                                                   

Жауапкершілік                                                                         

Даму                                                                         

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 27.01.2022 ж. дейін қабылданады.

Хат тақырыбында «СЖҚКҚ басшысы» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар