"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ негізгі қызметкер жұмыста болмайтын кезеңге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: негізгі қызметкер жұмыста болмайтын кезеңге Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Холдингтің ақпараттық технологиялар саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Холдингтің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін жауап береді
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Ақпараттық/телекоммуникациялық технологиялар немесе экономика саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
· «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін білу;
· Холдингтің ішкі нормативтік құжаттары, соның ішінде Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, Корпоративтік этика кодексі, Ақпаратты ашу саясаты, АТ қауіпсіздік ережелері, Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормалары және т.б.;
· Инвестициялық жобаларды талдау, бағалау және құрылымдау негіздерін білу;
· ҚР индустриялық-инновациялық дамуының негізгі бағыттарын білу;
· Бизнес-процестерді ұйымдастыра білу
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Жобаларды басқару дағдылары;
Нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары;
Сатып алу, бюджетті қалыптастыру рәсімдеріне қатысу тәжірибесі;
Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
Презентацияларды дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсер ету
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгерістерге бейімделе білу
Командамен жұмыс істей білу
Нәтиже үшін жауапкершілікті ала білу
Даму
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 27.12.2021 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АТД бас менеджері» деп көрсетіңіз.