Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

10.10.2024

Жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.

 

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері.

Лауазымдық міндеттері: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Инвестициялық саясаты шеңберінде инвестициялық саясаттың іске асырылуын және еншілес ұйымдардың инвестициялық саясат талаптарының орындалуын мониторингілеуді, жобаларды мәлімдеушілермен өзара іс-қимылды және инвестициялық жобаларды құрылымдау және қарау шеңберінде еншілес ұйымдарды үйлестіруді, сондай-ақ Холдингтің инвестициялық қызметі бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Экономика/қаржы/құқық/техникалық ғылымдар бойынша жоғары білім.

Жобалық басқару саласындағы сертификат (мақұлданады)

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде (Холдингтің компаниялар тобында артықшылықпен) және/немесе мемлекеттік басқару органдарында кемінде 1 жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Ағылшын, орыс және мемлекеттік тілдерді білу;

Жобаларды басқару негіздері;

Қаржылық талдау және қаржылық модельдеу;

Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау;

Макроэкономикалық және салалық талдау негіздері;

Инвестициялар, банк қызметі, кәсіпкерлік саласындағы ҚР заңнамасы («Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы);

Қолданыстағы мемлекеттік даму бағдарламалары;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарын қолдау құралдарын білу;

Корпоративтік қаржы саласындағы білім;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің саласын және қаржы нарығын жақсы білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Дамыған аналитикалық қабілеттер;

Инвестициялық жобалар бойынша талдамалық қорытындыларды өз бетінше дайындау білігі;

Жобалар бойынша қаржылық модельдерді құру және талдау (базалық модельдеу);

Талдау материалдарын (анықтамалар, тизерлер және т. б.), презентациялар мен баяндамалар, инвестициялық меморандумдар дайындаудағы тәжірибе;

Microsoft Office негізгі бағдарламаларын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық;

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

Жұмыс процестеріне ықпалы;

Жұмысты ұйымдастыру;

Өзгерістерге қабілеті;

Командалық;

Жауапкершілік;

Дамыту.

 

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

 

                                                                         

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 16.10.2024 ж. дейін қабылданады.

Хат тақырыбында «ЖЖД бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар