"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасы, Холдингтің Даму стратегиясы және ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде Холдинг пен ЕҰ өтімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлесін ұлғайтуға, Холдингтің және ЕҰ-ның сыртқы көздерден тартуын қамтамасыз етуге, кредиттік шарттардың/қарыз шарттарының жобаларын дайындауға және келісуге жауап береді, жетекшілік ететін ЕҰ-ны қорландыру қажеттілігіне талдау жасайды, тартылған қаражат (облигациялар, қарыздар) бойынша шарттарды әкімшілендіреді, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде Холдингтің ЕҰ-мен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): қаржы және/немесе банк ісі және/немесе бизнес әкімшілендіру саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 1 (бір) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
• Корпоративтік қаржы саласындағы теориялық білім;
• Қаржылық талдау жүргізу, болжамды Cash Flow жасау, инвесторға/кредиторға қаржылық-экономикалық негіздемелерді (ҚЭН) дайындау және пысықтау/қорғау тәжірибесі (мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі қажет), бағалы қағаздар (акциялар/ облигациялар) шығарылымдарының проспектісін дайындау және ҚР Ұлттық Банкінде тіркеу бойынша тәжірибесі мен кәсіби білімі;
• «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Бағалы қағаздар (акциялар/ облигациялар) шығару және бағалы қағаздар нарығында ақпаратты ашу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қағидаларын білу;
• Отандық және шетелдік компаниялармен кездесулерді ұйымдастыру тәжірибесі;
• Төмендегі ішкі құжаттарды білу:
• Холдингтің Жарғысы, Департамент туралы ереже, Лауазымдық нұсқаулық, Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы, АТ қауіпсіздік ережелері, Холдингтегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау техникасының нормалары, Холдингтің еңбек тәртібі ережелері, Ақпаратты ашу саясаты, Холдинг қызметкерлерінің іссапарлары туралы қағидалар, Холдинг қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидалары, Холдингтің еншілес ұйымдарының директорлар кеңестерінің отырыстарына материалдарды қарау регламенті, Директорлар кеңесі туралы ереже, Басқарма туралы ереже, «Холдингтің Басқарма мүшелері мен басқа да лауазымды адамдары арасында міндеттерді бөлу туралы» Басқарма төрағасының бұйрығы, Холдингтің топішілік қаржыландыру қағидалары, Холдингтің және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде Холдингке меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың қарыз алу қағидалары, Холдингтің активтері мен пассивтерін басқару комитеті туралы ереже, Холдингтің қаржылық активтері мен міндеттемелерін басқару регламенті, Корпоративтік оқиғалар бойынша ақпаратты және өзге де ақпаратты, сондай-ақ Холдингтің өзге де ішкі құжаттарын дайындау мен ұсыну кезіндегі Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарының регламенті.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын, электрондық құжат айналымы жүйесін және 1С жүйелерін білу дағдылары (жетік пайдаланушы);
• Ақпаратты жедел өңдеу және талдау дағдылары;
• Қаржылық талдау жүргізу, болжамдық Cash Flow жасау дағдылары;
• Инвесторға/кредиторға қаржылық-экономикалық негіздемелерді (ҚЭН) дайындау/ пысықтау дағдылары;
• Шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жаңа жағдайға бейімделу және туындаған мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану дағдылары.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):
· Коммуникация және көшбасшылық;
· Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
· Жұмыс процестеріне ықпал ету;
· Жұмысты ұйымдастыра білу;
· Өзгерістерге бейімделе білу;
· Командамен жұмыс істей білу;
· Нәтиже үшін жауапкершілік;
· Даму.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 02.09.2024 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «КҚД бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.