"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Холдингтің ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ) саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның ішінде деректерді басқару жөніндегі жобалар бөлігінде Холдингтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуге жауап береді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Ақпараттық технологиялар/ математика/ физика/ статистика/ электроника/ информатика саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
• «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу;
• Datawarehouse, аналитикалық жүйелерді енгізу бойынша жобаларды іске асыру негіздерін білу;
• Деректерді алу (жинау), түрлендіру (трансформациялау) және визуализациялау рәсімдерін білу;
• Дерекқорлардың жұмыс принциптерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• Жобаны басқару дағдылары;
• ETL және деректерді визуализациялау құралдарын пайдалану дағдылары;
• SQL-сұраныстарды жазу дағдылары;
• Нормативтік құжаттаманы әзірлеу дағдылары;
• Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
• Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары
Функционалдық міндеттері:
• Холдингтің және ЕҰ архитектураларының сипаттамасын ұйымдастыру және/немесе қатысу («деректер»/»инфрақұрылым» архитектура қабатының сипаттамасы);
• Деректерді басқарудың бірыңғай стратегиясын, тәсілдерін, талаптары мен әдістерін әзірлеу;
• Деректерді басқару инфрақұрылымын дамыту;
• Деректер сапасын басқару процестерін енгізу;
• Деректерді жинау, өңдеу және визуализациялау;
• «Талдау орталығының» компоненттерін дамыту;
• Деректер модельдерін, дашбордтарды және ақпараттық панельді жобалау;
• Аналитикалық жағдайларға және деректерді визуализациялауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
• Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша орындауға түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс және өзара іс-қимыл;
• Ақпараттық технологиялармен байланысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
• Холдинг қызметкерлерінің жұмысын реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялармен байланысты құжаттарды қалыптастыру, өзектілендіру және келісу;
• Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
• АТД қызметіне байланысты келіп түскен сұрау хаттарды қарау және оларға жауаптарды дайындау, оның ішінде келіп түскен тапсырмалар бойынша есептілікті ұсыну.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):
• Коммуникация және көшбасшылық;
• Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
• Жұмыс процестеріне ықпал ету;
• Жұмысты ұйымдастыра білу;
• Өзгерістерге бейімделе білу;
• Командамен жұмыс істей білу;
• Нәтиже үшін жауапкершілік;
• Даму.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 13.08.2024 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АТД бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.