"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің жоба жетекшісі бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ақпараттық технологиялар департаментінің жоба жетекшісі.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Холдингтің ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ) саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның ішінде архитектуралық тәсілді енгізу бөлігінде Холдингтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуге жауап береді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Ақпараттық технологиялар/ математика/ физика/ статистика/ электроника/ информатика саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
• «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу;
• Бизнес және жүйелік талдау әдіснамасының негіздерін білу;
• Togaf 9 әдіснамасы;
• Кәсіпорын архитектурасын құру құралдары;
• OpenStack, Docker, K8S, Gitlab, Gitlab CI, Nexus білу;
• Postgres, MySQL, Mongo, RabbitMQ, Kafka, Radis, Kubernetes/OpenShift/OpenStack, etc… білу;
• Бұлтты сервистермен (AWS, Azure, GCP, DigitalOcean) жұмыс істеу тәжірибесі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• Жобаларды басқару дағдылары;
• Бизнес-процестерді визуализациялау құралдарын пайдалану дағдылары;
• Стратегиялық жоспарлау дағдылары;
• Lean әдіснамасын қолдану дағдылары;
• Кәсіпорын архитектурасын сипаттау дағдылары;
• Нормативтік құжаттаманы әзірлеу дағдылары;
• Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
• Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Функционалдық міндеттері:
• Холдингтің және ЕҰ архитектурасын ұйымдастыру және/немесе оны сипаттауға қатысу («ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым архитектурасы»/»АЖ архитектурасы»/»деректер архитектурасы»/»қызмет архитектурасы»);
• Архитектура стандарттары мен талаптарын әзірлеу;
• Шешімдерді жобалау;
• Холдингтің бизнес-процестерін сипаттауға, талдауға және реинжинирингке (оңтайландыруға) қатысу;
• Процесті реттейтін НҚА, ІНҚ талдау;
• Ағымдағы бизнес-процестерді сипаттау және оңтайландыру;
• ЕҰ-ның архитектуралық тәсілді енгізу бойынша қызметін үйлестіруді ұйымдастыру және/немесе қатысу;
• ЕҰ-ның архитектура құрылысын әдіснамалық сүйемелдеу;
• ЕҰ жұмыс топтарын үйлестіру;
• Архитектура бойынша міндеттердің орындалуын мониторингілеу;
• Деректерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіруге қатысу;
• Деректерді басқарудың бірыңғай стратегиясын, тәсілдері мен әдістемелерін әзірлеуге қатысу;
• Деректерді басқару инфрақұрылымын дамытуға қатысу;
• Деректер сапасын басқару процестерін енгізуге қатысу;
• Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша орындауға түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс және өзара іс-қимыл;
• Ақпараттық технологиялармен байланысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
• Холдинг қызметкерлерінің қызметін реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялармен байланысты құжаттарды қалыптастыру, өзектілендіру және келісу;
• Мемлекеттік органдармен апараттық технологиялар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
• АТД қызметіне байланысты келіп түскен сұрау хаттарды қарау және оларға жауаптарды дайындау, сондай-ақ келіп түскен тапсырмалар бойынша есептілікті ұсыну.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):
• Коммуникация және көшбасшылық;
• Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
• Жұмыс процестеріне ықпал ету;
• Жұмысты ұйымдастыра білу;
• Өзгерістерге бейімделе білу;
• Командамен жұмыс істей білу;
• Нәтиже үшін жауапкершілік;
• Даму.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 13.08.2024 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АТД жоба жетекшісі» деп көрсетуді сұраймыз.