"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Холдингтің ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ) саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Холдингтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуге жауап береді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Ақпараттық/телекоммуникациялық технологиялар немесе экономика саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
· «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін білу;
· Холдингтің ішкі нормативтік құжаттары, оның ішінде Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары; Корпоративтік этика кодексі; Ақпаратты ашу туралы саясат; АТ қауіпсіздік қағидалары; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының нормалары және т.б;
· Инвестициялық жобаларын талдау, бағалау және құрылымдау негіздерін білу;
· Бизнес-процестерді ұйымдастыруды білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
· Жобаларды басқару дағдылары;
· Нормативтік құжаттаманы әзірлеу дағдылары;
· Сатып алу, бюджеттерді қалыптастыру рәсімдеріне қатысу тәжірибесі;
· Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
· Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Функционалдық міндеттері:
• Қызметкерлердің тиімділігін арттыру және қағаз құжат айналымын азайту үшін Холдингтің ақпараттық жүйелерінде автоматтандырылған процестерді енгізу/дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды сүйемелдеу;
• Орындауға түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу;
• Ақпараттық технологияларды дамыту бөлігінде Холдингтің еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіру, оның ішінде Холдинг компаниялары тобы қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдар мен өзге де тұлғаларға ақпарат беру үшін алқалы органдарға арналған материалдарды сараптау, шығыстарды жоспарлау және хат алмасуды жүргізу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):
· Коммуникация және көшбасшылық;
· Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
· Жұмыс процестеріне ықпал ету;
· Жұмысты ұйымдастыра білу;
· Өзгерістерге бейімделе білу;
· Командамен жұмыс істей білу;
· Нәтиже үшін жауапкершілік;
· Даму.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 07.08.2024 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АТД бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.