"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Ақпараттық технологиялар (бұдан әрі - АТ) саласындағы Холдингтің ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде Холдингтің қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдем көрсетуге жауапты, оның ішінде «Цифрлық трансформацияның жобалық кеңсесі» бағытын іске асыруды ұйымдастырады және/немесе оған қатысады
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): жоғары немесе арнаулы орта білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
· «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін білу;
· Жобаларды басқару әдіснамасының негіздерін білу;
· АКТ құзыреттілігі - күрделі бағдарламалық өнімдерді құру және енгізу ерекшеліктері мен тәжірибесі;
· Жобаларды икемді басқарудағы құзыреттер;
· Инвестициялық жобаларды талдау, бағалау және құрылымдау негіздерін білу;
· Бизнес-процестерді ұйымдастыруды білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
· Жобаны басқару дағдылары;
· Жобалық басқару құралдарын пайдалану дағдылары;
· Стратегиялық жоспарлау дағдылары;
· Lean әдістемесін қолдану дағдылары;
· Кәсіпорын архитектурасын сипаттау дағдылары;
· Нормативтік құжаттаманы әзірлеу дағдылары;
· Сатып алу, бюджеттерді қалыптастыру рәсімдеріне қатысу тәжірибесі;
· Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
· Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Функционалдық міндеттері:
· «Цифрлық трансформацияның жобалық кеңсесі» бағытын ұйымдастыру және/немесе іске асыруға қатысу;
· Цифрлық трансформация бойынша бірыңғай стратегияны, әдістемелер мен тәсілдерді әзірлеуге қатысу;
· Цифрлық трансформация жобаларын іске асыру жөніндегі міндеттердің орындалу мониторингі;
· Холдингтің негізгі қызметіне жобалық басқаруды енгізуге қатысу;
· Цифрландыру стратегиясының жобаларын басқаруды ұйымдастыру және/немесе қатысу;
· Цифрландыру жобаларын іске асыру мониторингін ұйымдастыру және/немесе қатысу;
· Шарттар бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен шарттарға техникалық ерекшеліктер талаптарының сақталуын бақылау;
· Қазақстан Республикасын цифрландыру бөлігінде ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мониторингі;
· Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл;
· Орындауға түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс;
· Ақпараттық технологиялармен байланысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
· Холдинг қызметкерлерінің қызметін реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялармен байланысты құжаттарды қалыптастыру, өзектендіру және келісу;
· Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
· АТД қызметіне байланысты келіп түскен сұрауларға жауаптарды қарау және дайындау, оның ішінде келіп түскен тапсырмалар бойынша есептілікті ұсыну.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттер моделіне сәйкес):
· Байланыс және көшбасшылық;
· Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
· Жұмыс процестеріне әсері;
· Жұмысты ұйымдастыру;
· Өзгерістерге икемділігі;
· Командада жұмыс істеу;
· Нәтижеге жауапкершілік;
· Даму.
Жұмыс істеу шарттары:
Жұмыс режимі: толық уақыт, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email-де 31.07.2024 ж. дейін қабылданады.
Хаттың тақырыбында «АТД бас менеджері» деп көрсетіңіз.