"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің жоба жетекшісі бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ақпараттық технологиялар департаментінің жоба жетекшісі.
Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Холдингтің ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ) саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның ішінде «Цифрлық трансформацияның жобалық кеңсесі» бағытын үйлестіруді қамтамасыз ету бөлігінде Холдингтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуге жауап береді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Жоғары немесе арнаулы орта білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
• «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу;
• Жобаларды басқару әдіснамасының негіздерін білу;
• АКТ құзыреттілігі – күрделі бағдарламалық өнімдерді құру және енгізу тәжірибесі және оның ерекшеліктерін білу;
• Жобаларды икемді басқарудағы құзыреттер;
• Инвестициялық жобаларды талдау, бағалау және құрылымдау негіздерін білу;
• Бизнес-процестерді ұйымдастыруды білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• Жобалар мен жобалар портфелін басқару дағдылары;
• Жобалық басқару құралдарын пайдалану дағдылары;
• Стратегиялық жоспарлау дағдылары;
• Lean әдіснамасын қолдану дағдылары;
• Кәсіпорын архитектурасын сипаттау дағдылары;
• Нормативтік құжаттаманы әзірлеу дағдылары;
• Сатып алу, бюджеттерді қалыптастыру рәсімдеріне қатысу тәжірибесі;
• Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;
• Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Функционалдық міндеттері:
• «Цифрлық трансформацияның жобалық кеңсесі» бағытын үйлестіруді қамтамасыз ету;
• Жобалық басқарудың халықаралық тәжірибелеріне сәйкес цифрлық трансформация жобаларының портфелін басқару;
• Цифрлық трансформация бойынша бірыңғай стратегияны, әдістемелер мен тәсілдерді әзірлеу;
• Цифрлық трансформация жобаларын іске асыру міндеттерінің орындалуын мониторингілеу;
• Холдингтің негізгі қызметіне жобалық басқаруды енгізу;
• Цифрландыру стратегиясының жобаларын үйлестіру мен басқаруды қамтамасыз ету;
• Жобаны жоспарлауды, мерзімдерін және сапасын басқару;
• Техникалық талаптар мен ерекшеліктерді дайындау;
• Холдингтің және ЕҰ-ның цифрландыру жобаларын іске асыруды үйлестіру, мониторингті қамтамасыз ету;
• Шарттар бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен шарттардың техникалық ерекшеліктері талаптарының сақталуын бақылау;
• Цифрландыру бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жобалары мен мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын мониторингілеу;
• Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша орындауға түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс және өзара іс-қимыл;
• Ақпараттық технологиялармен байланысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
• Холдинг қызметкерлерінің қызметін реттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялармен байланысты құжаттарды қалыптастыру, өзектілендіру және келісу;
• Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
• АТД қызметіне байланысты келіп түскен сұрау хаттарды қарау және оларға жауаптарды дайындау, оның ішінде келіп түскен тапсырмалар бойынша есептілікті ұсыну.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):
• Коммуникация және көшбасшылық;
• Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
• Жұмыс процестеріне ықпал ету;
• Жұмысты ұйымдастыра білу;
• Өзгерістерге бейімделе білу;
• Командамен жұмыс істей білу;
• Нәтиже үшін жауапкершілік;
• Даму.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 30.05.2024 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «АТД жоба жетекшісі» деп көрсетуді сұраймыз.