"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасы, ХҚЕС ережелері мен Холдингтің ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде, Холдингтің қаржылық жағдайы мен қаржылық-шаруашылық қызметін дұрыс көрсету, Холдингтің жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін уақытылы дайындау мақсатында, Холдингтің қаржылық-шаруашылық қызметінің іссапар және өкілдік шығыстары бойынша әкімшілік шығыстарды, тартылған және берілген облигациялық қарыздарды, контрагенттермен өзара есеп айырысуларды есепке алуға, Холдингтің еншілес ұйымдарымен топішілік айналымдарды салыстыруға қатысты процестерін бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетуді жүзеге асырады.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
Жоғары экономикалық немесе қаржылық білім.
«Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификатының болуы.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде (Холдингтің компаниялар тобындағы мақұлданады) және/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мүлік және бағалы қағаздар нарығы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы;
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1С Кәсіпорын бағдарламасын қолдана білу;
Ресурстарды оңтайлы бөлу және мақсаттарға жету үшін жұмысты жоспарлай білу;
Ақпараттық технологиялар жүйелерін (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) және т.б. қолдана отырып, жұмыс істей білу;
Холдинг қызметінің ерекшелігін ескере отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдана білу;
Қаржылық есептілікті жүргізу және қалыптастыру дағдылары.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық;
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
Жұмыс процестеріне ықпал ету;
Жұмысты ұйымдастыру;
Өзгерістерге бейімделе білу;
Командамен жұмыс істей білу;
Жауапкершілік;
Даму.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 20.12.2023 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «БЕЕД бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.