Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

02.05.2023

Басқарма төрағасының аппаратында Басқарма төрағасының көмекшісі.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының көмекшісі бос лауазымына үміткерді
іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Басқарма төрағасының аппаратында
Басқарма төрағасының көмекшісі.

Лауазымдық міндеттері: Ішкі регламенттер талаптарына және басшылықтың
тапсырмаларына сәйкес Басқарма төрағасының қызметін ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз етуді және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ
Холдинг Басқармасы төрағасының тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасау
мақсатында Басқарма төрағасының материалдарын дайындау және/немесе тапсырмаларын
орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің және ЕҰ қызметін үйлестіреді
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
экономика/қаржы/заң мамандықтары бойынша жоғары білім.

Еңбек өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін
салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі
кемінде 2 (екі) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару
органдарында болғаны құпталады);

Орындаушылар тобын басқару бойынша кемінде 2 жыл тәжірибесі болуы қажет.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
• «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», т.б. Қазақстан
Республикасының заңнамасын білу;
• Холдинг қызметінің бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын
білу;
• Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін білуі құпталады;
• Корпоративтік басқару, экономика және қаржы негіздерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
• Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
• Ақпаратты жедел өңдеу және талдау тәжірибесі;
• Қаржылық талдау жүргізу, электрондық кестелермен жұмыс істеу тәжірибесі;
• Нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу;
• Электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану тәжірибесі;
• MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын озық пайдаланушы
деңгейінде қолдану.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
  • Коммуникация және көшбасшылық
  • Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
  • Жұмыс процестеріне әсер ету
  • Жұмысты ұйымдастыру
  • Өзгерістерге бейімделе білу
  • Командамен жұмыс істей білу
  • Жауапкершілік
  • Даму

Жұмыс жағдайы:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz  электронды поштасы арқылы 10.05.2023 ж. дейін қабылданады.

Хат тақырыбында «Басқарма төрағасының көмекшісі» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар