«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының көмекшісі бос лауазымына үміткерді
іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Басқарма төрағасының аппаратында
Басқарма төрағасының көмекшісі.
Лауазымдық міндеттері: Ішкі регламенттер талаптарына және басшылықтың
тапсырмаларына сәйкес Басқарма төрағасының қызметін ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз етуді және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ
Холдинг Басқармасы төрағасының тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасау
мақсатында Басқарма төрағасының материалдарын дайындау және/немесе тапсырмаларын
орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің және ЕҰ қызметін үйлестіреді
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
экономика/қаржы/заң мамандықтары бойынша жоғары білім.
Еңбек өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін
салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі
кемінде 2 (екі) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару
органдарында болғаны құпталады);
Орындаушылар тобын басқару бойынша кемінде 2 жыл тәжірибесі болуы қажет.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
• «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», т.б. Қазақстан
Республикасының заңнамасын білу;
• Холдинг қызметінің бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын
білу;
• Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін білуі құпталады;
• Корпоративтік басқару, экономика және қаржы негіздерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
• Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
• Ақпаратты жедел өңдеу және талдау тәжірибесі;
• Қаржылық талдау жүргізу, электрондық кестелермен жұмыс істеу тәжірибесі;
• Нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу;
• Электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану тәжірибесі;
• MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын озық пайдаланушы
деңгейінде қолдану.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
- Коммуникация және көшбасшылық
-
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
-
Жұмыс процестеріне әсер ету
-
Жұмысты ұйымдастыру
-
Өзгерістерге бейімделе білу
-
Командамен жұмыс істей білу
-
Жауапкершілік
-
Даму
Жұмыс жағдайы:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz электронды поштасы арқылы 10.05.2023 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «Басқарма төрағасының көмекшісі» деп көрсетіңіз.