"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: Заңнама мен Холдингтің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Холдингтің еншілес ұйымдарында (дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Холдингке меншік және\немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалар) бақылау іс-шараларын, оның ішінде тексерістер жүргізеді, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): бухгалтерлік/ қаржы/ заң/ экономика мамандықтары бойынша жоғары білім және қосымша арнайы дайындық (екінші жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы құпталады).
Еңбек өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады);
Орындаушылар тобын басқару бойынша тәжірибесі болуы қажет.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
ҚР Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Кәсіпкерлік, Салық, Бюджет, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Әкімшілік-рәсімдік іс жүргізу, Еңбек кодекстері, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»,«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» және т.б. ҚР заңдары, сондай-ақ компаниялар мен Холдингтің қызметін реттейтін заңға тәуелді актілер, компаниялар мен Холдинг іске асыратын мемлекеттік бағдарламалар.
Холдингтің және компаниялардың құқықтық қызметі бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар; қаржы және аудит саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер; бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікті жасау тәртібі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары; компаниялардың шаруашылық-қаржылық қызметін талдау әдістері; тексерістер мен құжаттамалық ревизиялар жүргізу қағидалары; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканы дамытудың заңдылықтары мен ерекшеліктері; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; Холдинг пен компаниялар құрылымының бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; іскерлік қарым-қатынас этикасы; мемлекеттік тілді және ағылшын тілін (құпталады) білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
• Заманауи ақпараттық технологиялар жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
• Келіссөздер жүргізу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
• Кәсіпорынның қаржылық және басқарушылық есептілігін тексеру және талдау дағдылары;
• Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары;
• Заманауи коммуникация және байланыс құралдарын қолдана отырып ақпаратты өңдеу дағдылары;
• Қаржы саласындағы НҚА-ны, M&A мәмілелерін, инвестициялық жобаларды, ІНҚ-ны талдау тәжірибесі;
• Бағалы қағаздармен жұмыс істеу дағдылары;
• Квазимемлекеттік сектордағы корпоративтік шешімдердің жобаларын дайындау тәжірибесі;
• Іріктелген ревизия жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу тәжірибесі;
• Аудиторлық анықтауларды тиісінше құжаттау, тексерістер нәтижелері бойынша қорытындыларды ресімдеу, тексеріс барысында анықталған барлық елеулі фактілер мен кемшіліктерді көрсету, негізделген ұсынымдар әзірлеу тәжірибесі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
• Коммуникация және көшбасшылық
Жұмыс жағдайы:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz электронды поштасы арқылы 24.04.2023 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «ҚҚД бас менеджері» деп көрсетіңіз.