Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

16.03.2023

Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды. 
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: Холдингтің қаржылық жағдайы мен қаржылық-шаруашылық қызметін дұрыс көрсету және Холдингтің жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін уақытылы дайындау мақсатында, Холдингтің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі іссапар және өкілдік шығыстар бойынша әкімшілік шығыстарды есепке алуға, тартылған және берілген облигациялық қарыздарды есепке алуға, контрагенттермен өзара есеп айырысуларды есепке алуға қатысты процестерді бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасы, ХҚЕС қағидалары және Холдингтің ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде топішілік айналымдарды Холдингтің еншілес ұйымдарымен салыстыру.
  
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): 
Жоғары экономикалық немесе қаржылық білім

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:
«Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификатының болуы

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: 
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл (Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет 
  • «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар, Мемлекеттік мүлік және бағалы қағаздар нарығы туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы;
  • Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары; 
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:  
  • 1С Кәсіпорын бағдарламасының пайдаланушы; 
  • Ресурстарды оңтайлы бөлу және мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмысты жоспарлай білу дағдылары;
  • Ақпараттық технологиялар жүйелерін (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) және т.б. қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары;
  • Холдинг қызметінің ерекшелігін ескере отырып, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын қолдану;
  • Қаржылық есептілікті жүргізу және қалыптастыру дағдылары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:  
Коммуникация және көшбасшылық                                                                        
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау                                                   
Жұмыс процестеріне әсер ету                                                                     
Жұмысты ұйымдастыру                                                                     
Өзгерістерге бейімделе білу                                                                  
Командамен жұмыс істей білу 
Жауапкершілік                                                                         
Даму

Жұмыс шарттары: 
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz электронды поштасы арқылы 28.03.2023 ж. дейін қабылданады. 

Хат тақырыбында «БЕЕД бас менеджері» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар