Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

20.12.2022

ОСБҚ бас менеджері

Бос лауазымның атауы: ОСБҚ бас менеджері

 

Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:

ОСБҚ бас менеджері келесі функцияларды орындайды:

Холдингтің ішкі құжаттарына сәйкес ОСБҚ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;

ОСБҚ қызметіне тән тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарды бағалау және ОСБҚ басшысының қарауына ұсыну;

сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;

заңнамалық, реттеушілік, талдамалық құжаттарды зерделеу және Холдингтің ішкі рәсімдері мен құжаттарына өзгерістер енгізу жөнінде тиісті ұсыныстар шығару;

лауазымдық міндеттеріне сәйкес ОСБҚ басшысының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау.


Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары заң және/немесе экономикалық білім.

 

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Мемлекеттік сатып алу немесе квазимемлекеттік сектордағы сатып алу не ішкі аудит не құқықтық қамтамасыз ету саласындағы жұмыс тәжірибесі - квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын ұйымдарда не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында кемінде 3 (үш) жыл;

 

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Сатып алуды жүзеге асыру, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару негіздерін білу;

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде акционерлік қоғамдар, еңбек, мемлекеттік мүлік, квазимемлекеттік сектордағы сатып алу мәселелері бойынша білу;

  • Мемлекеттік тілді орта деңгейден төмен емес деңгейде білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Байланыс және көшбасшылық;

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

Жұмыс процестеріне ықпалы;

Жұмысты ұйымдастыру;

Өзгеру қабілеті;

Командалық;

Нәтижеге жауапкершілік;

Даму.

                                               

Жұмыс шарты:

  • Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2

  • Жалдау нысаны: жеке еңбек шарты

  • Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

  • Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы

  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың түйіндемелері 16.01.2023 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email-де қабылданады:  

Хаттың тақырыбында «ОСБҚ бас менеджері» деп көрсету сұралады.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар