Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

20.12.2022

Қызмет басшысы

Бос лауазымның атауы: қызмет басшысы

Құрылымдық бөлімшенің атауы: Орталықтандырылған сатып алуды бақылау жөніндегі қызмет


Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:

ОСБҚ басшысы келесі функцияларды орындайды:

ОСБҚ жұмысын ұйымдастыруды, сондай-ақ Холдингтің ішкі құжаттарына сәйкес ОСБҚ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз ету;

ОСБҚ міндеттері мен функцияларының өзектілігін оның мақсаттарына қол жеткізу үшін мерзімді бағалауды жүзеге асыру;

ОСБҚ мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мерзімді талдау және жаңарту;

ОСБҚ қызметінде Холдингтің Директорлар кеңесі бекіткен ОСБҚ бірыңғай қағидаттары мен рәсімдерін қолдануды қамтамасыз ету;

сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;

бақылау нәтижелерін тиісті құжаттауды және ресімдеуді қамтамасыз етуді бақылау;

ОСБҚ құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және Холдингтің Директорлар кеңесі ОСБҚ-ға жүктеген өзге де міндеттерді орындау.


Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары заң және/немесе экономикалық білім.


Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Мемлекеттік сатып алу немесе квазимемлекеттік сектордағы сатып алу не ішкі аудит не құқықтық қамтамасыз ету саласындағы жұмыс тәжірибесі - квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын ұйымдарда не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында кемінде 3 (үш) жыл;

Басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі - кемінде 3 (үш) жыл.


Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Сатып алуды жүзеге асыру, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару негіздерін білу;

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде акционерлік қоғамдар, еңбек, мемлекеттік мүлік, квазимемлекеттік сектордағы сатып алу мәселелері бойынша білу;

  • Мемлекеттік тілді орта деңгейден төмен емес деңгейде білу.


Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Байланыс және көшбасшылық;

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

Жұмыс процестеріне ықпалы;

Жұмысты ұйымдастыру;

Өзгеру қабілеті;

Командалық;

Нәтижеге жауапкершілік;

Даму.

                                               

Жұмыс шарты:

  • Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2

  • Жалдау нысаны: жеке еңбек шарты

  • Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

  • Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы

  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың түйіндемелері 16.01.2023 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email-де қабылданады:  

Хаттың тақырыбында «ОСБҚ жетекшісі» деп көрсету сұралады.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар