Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

20.12.2022

Ішкі аудит қызметінің Ішкі аудиторы

БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бос лауазымның атауы    Ішкі аудит қызметінің Ішкі аудиторы
Құрылымдық бөлімшенің атауы    Ішкі Аудит Қызметі
Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер

ІАҚ туралы ережеге сәйкес Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) бизнес-процестерінің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудиторлық тексерулерін жүзеге асыруға қатысу.

Аудиторлық қорытындылардың дұрыс құжатталуын қамтамасыз ету, аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша аудит барысында анықталған барлық елеулі фактілер мен кемшіліктерді көрсететін қорытындылар жасау, негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Өтінім бойынша байланысатын тұлға және оның лауазымы
Адами ресурстарды басқару департаментінің бас маманы А. Сейтжанқызы

Бос орынның мақсаты/себебі:

Жұмыс істеп жүрген қызметкерді жұмыстан шығару/басқа жұмысқа ауыстыру


КАНДИДАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Келесі бағыттардың бірінде жоғары білім: қаржы, экономика, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік немесе құқық.


Лицензиялардың, сертификаттардың болуына қойылатын талаптар:

Ішкі аудиторлар институтының келесі сертификаттарының біреуі немесе бірнешеуі: CIA (Certified Internal Auditor), QIAL (Qualification in Internal Audit Leadership), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CGAP (Certified Government Auditing Professional), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) немесе, кемінде, IAP (Internal Audit Practitioner);


Келесі сертификаттардың біреуі немесе бірнешеуі болған абзал:

АССА (Association of Certified Chartered Accountants), DipIFR (Diploma in International Financial Reporting), CIPA (Certified International Professional Accountant), CISA (Certified information systems auditor), CISM (Certified information security manager), ITIL (Information technology infrastructure library), CFE (Certified Fraud Examiner) немесе басқа ұқсас халықаралық танылған сертификат.


Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

МОППВА, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және (немесе) ақпараттық технологияларды, ақпараттық қауіпсіздікті басқару стандарттарын білу;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет мәселелері бойынша білімі;

Мемлекеттік қазақ тілі мен ағылшын тілін орта деңгейден төмен емес деңгейде білу.


Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Байланыс және көшбасшылық;                                                                      

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;                                                                  

Жұмыс процестеріне әсері;                                                                     

Жұмысты ұйымдастыру;                                                                    

Өзгеру қабілеті;                                                                         

Командалық;                                                                   

Жауапкершілік;                                                                         

Даму.                                                                               

                                                                     

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Мынадай салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі: (ішкі) аудит; бухгалтерлік есеп; қаржы; ақпараттық технологиялар және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік; құқық - кемінде үш жыл.


Жұмыс шарттары:

Жұмыс режимі: толық уақыт, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың түйіндемелері 16.01.2023 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email-де қабылданады.

Хаттың тақырыбында «ІАҚ ішкі аудиторы» деп көрсетуді өтінеміз.


Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар