Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

20.12.2022

Ішкі аудит қызметінің ақпараттық технологиялар аудиторы

БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бос лауазымның атауы    Ішкі аудит қызметінің ақпараттық технологиялар аудиторы
Құрылымдық бөлімшенің атауы    Ішкі Аудит Қызметі
Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер
Бекітілген ІАҚ аудиторлық жоспарына, халықаралық ішкі аудит стандарттарының талаптарына және ІАҚ жұмысын регламенттейтін бекітілген ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес аудиторлық және консультациялық тапсырмаларды жүргізуге, АТ және АҚ тәуекелдерін талдауға және бағалауға және Холдингтің бизнес-процестерінің АТ-бақылауларын тестілеуге қатысу; АТ-аудит жүргізу және/немесе бекітілген ІАҚ аудиторлық жоспарына (синергетикалық) сәйкес Холдингтің еншілес ұйымдарындағы (бұдан әрі – ЕҰ) АТ-аудиттерге қатысу.
Өтінім бойынша байланысатын тұлға және оның лауазымы
Адами ресурстарды басқару департаментінің бас маманы А. Сейтжанқызы

Бос орынның мақсаты/себебі:

Жұмыс істеп жүрген қызметкерді жұмыстан шығару/басқа жұмысқа ауыстыру


КАНДИДАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Ақпараттық технологиялар және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жоғары білім.


Лицензиялардың, сертификаттардың болуына қойылатын талаптар:

Аудит ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бір және бірнеше келесі сертификаттармен – CISA (Certified Information Systems Auditor), CRISC (Certified in Risk and Information Systems Control), CISM (Certified Information Security Manager), CISSP (Certified Information Systems Security Professional), CGEIT (Certified in the Governance of Enterprise IT), CSX-P (Cybersecurity Practitioner Certification), CDPSE (Certified Data Privacy Solutions Engineer).


Келесі сертификаттардың біреуі немесе бірнешеуі болған абзал:

CIA (Certified Internal Auditor), СОВІТ (Control Objectives for Information and Related Technology) немесе ішкі аудит, ақпараттық технологиялар аудиті (бұдан әрі - АТ) және ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – АҚ) саласындағы өзге де ұқсас халықаралық танылған сертификат.


Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

МОППВА, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, COBIT (Control Objectives for Information and Related Technology), ISO/IEC 27001 (Information Security Management Systems) және ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы басқарудың өзге де халықаралық стандарттарын білу;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет мәселелері бойынша білімі;

Мемлекеттік қазақ тілі мен ағылшын тілін орта деңгейден төмен емес деңгейде білу.


Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Байланыс және көшбасшылық;                                                                      

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;                                                                  

Жұмыс процестеріне әсері;                                                                    

Жұмысты ұйымдастыру;                                                                    

Өзгеру қабілеті;                                                                         

Командалық;                                                                   

Жауапкершілік;                                                                         

Даму.      

                                                                     

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Ақпараттық технологиялар және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік және(немесе) ақпараттық технологиялар аудиті, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыс тәжірибесі - кемінде бес жыл.


Жұмыс шарттары:

Жұмыс режимі: толық уақыт, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың түйіндемелері 16.01.2023 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email-де қабылданады.

Хаттың тақырыбында «ІАҚ Ақпараттық технологиялар аудиторы» деп көрсетуді өтінеміз.



Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар