«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз хатшысы бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Басқарма төрағасы аппаратының баспасөз хатшысы.
Лауазымдық міндеттері: Холдинг компаниялары тобының ақпараттық саясатын, Басқарма төрағасының, Холдингтің оң имиджін қалыптастырады. БАҚ-пен, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз қызметтерімен тиімді әріптестік қатынастар орнатады. Басқарма төрағасының тапсырмаларына, ішкі құжаттарға сәйкес еншілес ұйымдардың баспасөз қызметтерінің ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіреді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
PR, журналистика, маркетинг саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 1 (бір) жыл
(Холдинг компаниялары тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында болғаны құпталады).
Орындаушылар тобын басқару бойынша: кемінде 3 жыл немесе Бірыңғай кадр резервінің құрамында болу немесе кәсіби салада не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 10 жыл жұмыс өтілінің болуы, оның кемінде 3 жылы квазимемлекеттік секторда болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Акционерлік қоғамдар туралы», «БАҚ туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», тағы басқа да Қазақстан Республикасының заңдары;
«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Президенттің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығы;
Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы, Холдингтің 2019-2023 жылдарға арналған PR-стратегиясы;
Холдингтің Ақпаратты ашу туралы қағидалары;
Мемлекеттік тілді, ағылшын тілін кемінде Beginner деңгейінде білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу дағдылары;
Интернет ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
Презентацияларды дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын (озық пайдаланушы), электрондық құжат айналымы жүйесін меңгеру дағдылары;
Әлеуметтік зерттеу жүргізу бойынша ақпаратты жедел өңдеу және талдау дағдылары;
Ақпараттық материалдарды жазу дағдылары (пресс-релиздер, баяндамалар, сөз сөйлеулер және т.б.);
Өкілеттік шеңберінде медиажоспар жасау, бюджетті қалыптастыру дағдылары;
Нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу, имидждік іс-шаралар әзірлеу және өткізу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсер ету
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгерістерге бейімделе білу
Командамен жұмыс істей білу
Жауапкершілік
Даму
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 10.11.2022 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «БТА Баспасөз хатшысы» деп көрсетіңіз.