БОС ОРЫНДАР АТАУЫ
Ішкі аудит департаментінің Бизнес үрдістер аудиті жөніндегі басқарма бастығының
Қызметтік / желілік бағыну БҮАБ бастығы Банктің ІАД Директорына, Аудит жөніндегі комитетке және Банктің Директорлар Кеңесіне тікелей бағынады
Қызметтік міндеттері БҮАБ бастығы мынадай міндеттерді орындайды:
1) БҮАБ қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
2) БҮАБ жұмысын ұйымдастыруды және ІАД туралы ережеге сәйкес ІАД-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін АТ/АҚАБ-мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
3) БҮАБ қызметі аясында оның мақсаттарына қол жеткізу үшін ІАД міндеттері мен функцияларының өзектілігін ұдайы бағалауға қатысу;
4) ішкі аудит мәселелерін реттейтін Банктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды кезеңділікпен жаңартып отыру;
5) БҮАБ қызметінде Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген (ұсынылған) бірыңғай базалық ұстанымдар мен ішкі аудит рәсімдерін қолдануды қамтамасыз ету;
6) БҮАБ қызметкерлерінің ІАКТХН-ны сақтауын қамтамасыз ету;
7) БҮАБ жұмысында құпиялылық пен жасырындылықтың тиісті деңгейін сақтауды қамтамасыз ету;
8) БҮАБ және жалпы ІАД қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, бағалау және ІАД директорының қарастыруына оларды басқару бойынша ұсыныстар беру;
9) Бизнес үрдістерді алдын ала талдаумен және Банк тәуекелдерін, оның ішінде алаяқтық тәуекелдерын, шешуші тәуекелдерді және де ақпараттық технологиялармен байланысқан аұылау процедураларын бағалаумен, сондай-ақ ішкі аудитті жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес Холдингтің Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Холдингтің ІАҚ) ұсыныстарын ескере отырып, ІАД қызметін жоспарлауға қатысу және ІАД-ның жылдық аудиторлық жоспарын орындауға қатысу;
10) БҮАБ аудиторлық тапсырмалары аясында аудиторлық тапсырмалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
11) ішкі аудитті жүргізу тәртібімен және ІАД туралы ережеге сәйкес Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және/немесе бизнес-үрдістердің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудитінің жүзеге асырылуына қатысу, үйлестіру және бақылау;
12) ішкі аудит қорытындылары бойынша есеп (анықтама) дайындау үшін жиынтық ақпаратты сараптау;
13) күмәнді мәмілелер туралы, сондай-ақ тонау мен асыра пайдалану салдарынан Банкке шығын келтірілген жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттарды сараптау;
14) аудиторлық анықтаулардың тиісті түрде құжатталуын қамтамасыз ету, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды рәсімдеу, тексеру барысында анықталған барлық маңызды деректер мен кемшіліктерді көрсету, негіздемелі ұсынымдар әзірлеу;
15) Банк қызметінің барлық қырлары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
16) Банктің қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлар есебінің жобаларын қарастыруға қатысу;
17) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындауы мақсатында Банкте жоспарланған және/немесе жүзеге асырылатын іс-шараларға мониторинг, сондай-ақ, басқа қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізу;
18) ішкі аудиторлық тапсырмалардың нәтижелерін, ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсыныстардың, талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелерін, сондай-ақ Холдингтің ІАҚ басқа қадағалау органдары тарапынан тексерулер нәтижелерін ұсыну;
19) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесіне беру үшін ақпараттар, есептер дайындау;
20) БҮАД қызметкерлері қызметінің негізгі көрсеткіштері карталарын сапалы және уақтылы дайындауды және ІАД директорына беруді қамтамасыз ету;
21) ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ көрсетілген кеңес беру қызметтері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАД жауапкершілік алуын жоққа шығаратын корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үрдістерін жетілдіру;
22) қызметтік тексерулерге қатысу, ІАД туралы ережеде белгіленген тәртіпте арнайы тексерулер жүргізу;
23) өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді пайдалану үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға, соның ішінде, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, сондай-ақ, заңнамалық, реттеуіштік, сараптамалық құжаттарды, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының өзгертулерін зерттеу және ішкі рәсімдер мен Банк құжаттарына өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар беру;
24) БҮАБ қызметкерлерін кәсіби оқыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;
25) ІАД қызметін сипаттауға қатысты әдістемелік сипаттағы ішкі құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу және оларды іс жүзінде ІАД қызметіне енгізу;
26) сауалнамаларды, аудит тестілерін, аудит жүргізуге арналған басқа да материалдарды, сондай-ақ қызметтік міндеттерді іске асыру барысында Басқарма қызметін сипаттайтын Банктің ішкі құжаттарын әзірлеу;
27) ІАД директорының тапсырмасы бойынша лауазымдық міндеттерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.
Қол астындағылардың саны 8
Іс-сапар (жұмыс уақытының %-ы) 10 %
Сынақ мерзімі 2 ай
Бос орынның пайда болу себебі
- Жаңа орын
- Уақытша орын
- Қызметкердің өз қалауы бойынша жұмыстан шығуы
- ҚР ЕК-ге сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару
- Қызметкердің ____________ орынға ауысуы
-
Басқа
ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Білімі Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе құқық саласында кәсіби жоғары білімінің болуы.
Жұмыс тәжірибесі Аудит және/немесе бақылау, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы, және/немесе құқық саласында жұмыс тәжірибесінің болуы - үш жылдан кем емес.
Арнайы білімі мен дағдылары
- ІАКТХН, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, және/немесе АТ/АҚ басқарудың халықаралық стандарттарын COBIT (Control Objectives for Information and related Technology) /ISO/IEC (Information security management systems) білуі;
- Банктік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде аудиторлық қызмет, акционерлік қоғамдар, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша;
- Ішкі аудит, және/немесе есеп пен қаржылық менеджмент, және/немесе АТ/АҚ саласындағы сертификаттың және/немесе біліктілігінің бар болуы.
Тілдерді білуі
- Орыс тілі - еркін
- Қазақ тілі, ағылшын тілі- артықшылық беріледі
Компьютерлік дағдылары
- Жалғастырушы деңгейінде
- Word, Excel
- E-mail
- Internet
- Colvir
- BPM және т.б. программалар
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері baidauletova.a@otbasybank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.