Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

02.11.2022

Ішкі аудит департаментінің Бизнес үрдістердің аудиті жөніндегі басқарманың Бас аудиторы

БОС ОРЫНДАР АТАУЫ
Ішкі аудит департаментінің Бизнес үрдістердің аудиті жөніндегі басқарманың Бас аудиторы

Қызметтік / желілік бағыну БҮАБ Бас аудиторы ІАД БҮАБ бастығына, ІАД Директорына, Аудит жөніндегі комитетке және Банктің Директорлар кеңесіне бағынады

Қызметтік міндеттері БҮАБ Бас аудиторы мынадай міндеттерді орындайды:
1) ІАД жұмысына, сондай-ақ ІАД туралы ережеге сәйкес ІАД жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындауға қатысу; 
2) ішкі аудит мәселелерін реттейтін Банктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды кезеңділікпен жаңартып отыру; 
3) ІАД қызметінде Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген (ұсынылған) бірыңғай базалық ұстанымдар мен ішкі аудит рәсімдерін қолдану; 
4) ІАКТХН-ны сақтау; 
5) жұмыста құпиялылық пен жасырындылықтың тиісті деңгейін сақтауды қамтамасыз ету; 
6) БҮАБ және жалпы ІАД қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, бағалау және БҮАБ бастығының, ІАД директорының қарастыруына оларды басқару бойынша ұсыныстар беру;  
7) Бизнес үрдістерді алдын ала талдаумен және Банк тәуекелдерін, оның ішінде алаяқтық тәуекелдерын, шешуші тәуекелдерді және де ақпараттық технологиялармен байланысқан аұылау процедураларын бағалаумен, сондай-ақ ішкі аудитті жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес Холдингтің Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Холдингтің ІАҚ) ұсыныстарын ескере отырып, ІАД қызметін жоспарлауға қатысу және ІАД-ның жылдық аудиторлық жоспарын орындауға қатысу; 
8) БҮАБ аудиторлық тапсырмалары аясында аудиторлық тапсырмалар мен бағдарламаларды әзірлеу;
9) ішкі аудитті жүргізу тәртібімен және ІАД туралы ережеге сәйкес Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және/немесе бизнес-үрдістердің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудитінің жүзеге асырылуына қатысу; 
10) ішкі аудит қорытындылары бойынша есеп (анықтама) дайындау үшін жиынтық ақпаратты сараптау; 
11) күмәнді мәмілелер туралы, сондай-ақ тонау мен асыра пайдалану салдарынан Банкке шығын келтірілген жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттарды сараптау;  
12) аудиторлық анықтаулардың тиісті түрде құжатталуын қамтамасыз ету, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды рәсімдеу, тексеру барысында анықталған барлық маңызды деректер мен кемшіліктерді көрсету, негіздемелі ұсынымдар әзірлеу; 
13) Банк қызметінің барлық қырлары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; 
14) Банктің қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлар есебінің жобаларын қарастыруға қатысу; 
15) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындауы мақсатында Банкте жоспарланған және/немесе жүзеге асырылатын іс-шараларға мониторинг, сондай-ақ, басқа қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізу;   
16) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесіне беру үшін ақпараттар, есептер дайындау; 
17) қызметкерлердің тиімділік карталарын (қызмет көрсеткіштерін) дайындау үшін ақпараттарды сапалы және уақтылы дайындауды ІАД директорына беруді қамтамасыз ету;  
18) ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ көрсетілген кеңес беру қызметтері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАД жауапкершілік алуын жоққа шығаратын корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үрдістерін жетілдіру;
19) қызметтік тексерулерге қатысу, ІАД туралы ережеде белгіленген тәртіпте арнайы тексерулер жүргізу; 
20) өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді пайдалану үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға, соның ішінде, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, сондай-ақ, заңнамалық, реттеуіштік, сараптамалық құжаттарды, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының өзгертулерін зерттеу және ішкі рәсімдер мен Банк құжаттарына өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар беру;
21) ІАД қызметін сипаттауға қатысты әдістемелік сипаттағы ішкі құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу және оларды іс жүзінде ІАД қызметіне енгізу;  
22) сауалнамаларды, аудит тестілерін, аудит жүргізуге арналған басқа да материалдарды, сондай-ақ қызметтік міндеттерді іске асыру барысында ІАД қызметін сипаттайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;  
23) БҮАБ бастығы, ІАД директорының тапсырмасы бойынша лауазымдық міндеттерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Іс-сапар (жұмыс уақытының  %-ы) 10 %

Сынақ мерзімі 2 ай

Бос орынның пайда болу себебі
- Жаңа орын
- Уақытша орын
- Қызметкердің өз қалауы бойынша жұмыстан шығуы
- ҚР ЕК-ге сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару
- Қызметкердің ____________ орынға ауысуы
- Басқа 
  

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Білімі Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе құқық саласында кәсіби жоғары білімінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі Аудит және/немесе бақылау, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы, және/немесе құқық саласында жұмыс тәжірибесінің болуы - үш жылдан кем емес. 

Арнайы білімі мен дағдылары
- ІАКТХН, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және  ішкі бақылау негіздерін, және/немесе АТ/АҚ басқарудың халықаралық стандарттарын COBIT (Control Objectives for Information and related Technology) /ISO/IEC (Information security management systems) білуі; 
- Банктік қызметті реттейтін Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде аудиторлық қызмет, акционерлік қоғамдар, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша;
- Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және/немесе есеп және қаржылық менеджмент және/немесе АТ/АҚ, немесе ең аз дегенде IAP (Internal Audit Practitioner) саласында кәсіби сертификаттың және/немесе біліктіліктің болуы.

Тілдерді білуі
- Орыс тілі - еркін
- Қазақ тілі, ағылшын тілі- артықшылық беріледі

 Компьютерлік дағдылары
- Жалғастырушы деңгейінде
- Word, Excel
- E-mail
- Internet
- Colvir
- BPM және т.б. программалар      

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері baidauletova.a@otbasybank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.


Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар