Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

02.11.2022

Ішкі аудит Ақпараттық технологиялар

БОС ОРЫНДАР АТАУЫ
Ішкі аудит Ақпараттық технологиялар/ ақпараттық қауіпсіздік аудиторы

 Қызметтік / желілік бағыну АТ/АҚАБ бастығына, Банктің ІАД Директорына, Аудит жөніндегі комитетке және Директорлар кеңесіне тікелей бағынады

 Қызметтік міндеттері АТ/АҚ Аудиторы мынадай міндеттерді орындайды:
1) ІАД жұмысына, сондай-ақ ІАД туралы ережеге сәйкес ІАД жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындауға қатысу; 
2) ішкі аудит мәселелерін реттейтін Банктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды кезеңділікпен жаңартып отыру; 
3) ІАД қызметінде Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген (ұсынылған) бірыңғай базалық ұстанымдар мен ішкі аудит рәсімдерін қолдану; 
4) ІАКТХН-ны сақтау; 
5) жұмыста құпиялылық пен жасырындылықтың тиісті деңгейін сақтауды қамтамасыз ету; 
6) ІАД қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, бағалау және ІАД директорының қарастыруына оларды басқару бойынша ұсыныстар беру;  
7) ІАД жылдық аудиторлық жоспарды орындауына қатысу; 
8) ішкі аудитті жүргізу тәртібімен және ІАД туралы ережеге сәйкес Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және/немесе бизнес-үрдістердің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудитінің жүзеге асырылуына қатысу; 
9) күмәнді мәмілелер туралы, сондай-ақ тонау мен асыра пайдалану салдарынан Банкке шығын келтірілген жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттарды сараптау;  
10) аудиторлық анықтаулардың тиісті түрде құжатталуын қамтамасыз ету, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды рәсімдеу, тексеру барысында анықталған барлық маңызды деректер мен кемшіліктерді көрсету, негіздемелі ұсынымдар әзірлеу; 
11) Банк қызметінің барлық қырлары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға қатысу; 
12) Банктің қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлар есебінің жобаларын қарастыруға қатысу; 
13) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындауы мақсатында Банкте жоспарланған және/немесе жүзеге асырылатын іс-шараларға мониторинг, сондай-ақ, басқа қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізу; 
14) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесіне беру үшін ақпараттар дайындауға қатысу; 
15) қызметкерлердің тиімділік карталарын (қызмет көрсеткіштерін) дайындау үшін ақпараттарды сапалы және уақтылы дайындауды  АТ/АҚАБ бастығына беруді қамтамасыз ету;  
16) ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ көрсетілген кеңес беру қызметтері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАД жауапкершілік алуын жоққа шығаратын корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үрдістерін жетілдіру;
17) қызметтік тексерулерге қатысу, ІАД туралы ережеде белгіленген тәртіпте арнайы тексерулер жүргізу; 
18)  өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді пайдалану үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға, соның ішінде, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, сондай-ақ, заңнамалық, реттеуіштік, сараптамалық құжаттарды, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының өзгертулерін зерттеу және ішкі рәсімдер мен Банк құжаттарына өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар беру; 
19) сауалнамаларды, аудит тестілерін, аудит жүргізуге арналған басқа да материалдарды, сондай-ақ қызметтік міндеттерді іске асыру барысында ІАД қызметін сипаттайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;  
20) АТ/АҚ АБ бастығының, ІАД директорының тапсырмасы бойынша лауазымдық міндеттерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

 Іс-сапар (жұмыс уақытының  %-ы) 10 %

 Сынақ мерзімі 2 ай

 Бұл орын қанша уақыттан бері бос тұр 16.05.2022 ж. бастап

 Бос орынның пайда болу себебі
- Жаңа орын
- Уақытша орын
- Қызметкердің өз қалауы бойынша жұмыстан шығуы
- ҚР ЕК-ге сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару
- Қызметкердің ____________ орынға ауысуы
- Басқа 

 

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


 Білімі Ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білімі болуы.

 Жұмыс тәжірибесі Ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздік аудиті саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы.

 Арнайы білімі мен дағдылары
- ІАКТХН, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және  ішкі бақылау негіздерін, және/немесе АТ/АҚ басқарудың халықаралық стандарттарын COBIT (Control Objectives for Information and related Technology) /ISO/IEC (Information security management systems) білуі; 
- банктік қызметті реттейтін Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі, соның ішінде аудиторлық қызмет, акционерлік қоғамдар, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша;
- АТ/АҚ (CISA CGEIT, CRISC, CISM, CISSP және т.б.) сертификатының және/немесе біліктілігінің болуы, немесе ақпараттық технология және/немесе ақпараттық қауіпсіздік саласындағы басқа ұқсас халықаралық деңгейде танылған   куәлігінің немесе сертификатының болуы.

 Тілдерді білуі
- Орыс тілі - еркін
- Қазақ тілі, ағылшын тілі- артықшылық беріледі

 Компьютерлік дағдылары
- Жалғастырушы деңгейінде
- Word, Excel
- E-mail
- Internet
- Colvir
- BPM және т.б. программалар      

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері baidauletova.a@otbasybank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.


Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар