Құрылымдық бөлімшенің атауы: Ішкі аудит қызметі
Лауазымдық нұсқаулықтан негізгі лауазымдық міндеттер:
Ішкі аудитор келесі негізгі функцияларды орындайды:
ІАҚ қызметін жоспарлауға қатысу;
бизнес-процестерді жоспарлы және жоспардан тыс ішкі тексерулерді жүзеге асыруға қатысу;
аудиторлық және консультациялық тапсырмалар мен бағдарламаларды әзірлеу;
аудиторлық анықтаулардың тиісті құжатталуын қамтамасыз ету, қорытындыларды ресімдеу, тексеру барысында анықталған барлық елеулі фактілер мен кемшіліктерді көрсету, негізделген ұсынымдар әзірлеу;
Холдингтің ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға қатысу;
Холдингтің қаржылық есептілік аудиті бойынша сыртқы аудиторлардың есептерін қарауға қатысу;
ішкі және сыртқы аудиттің, қадағалау органдарының тексерулерінің нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалу мониторингі;
өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіби деңгей мен біліктілікті арттыру;
ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру;
белгіленген тәртіппен арнайы тексерулерге қатысу.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
Білімге қойылатын талаптар:
Келесі салалардың бірінде жоғары білім: қаржы, экономика, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік немесе құқық.
Бір немесе бірнеше сертификаттар: CIA (Certified Internal Auditor), QIAL (Qualification in Internal Audit Leadership), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CGAP (Certified Government Auditing Professional), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) немесе, минимум, IAP (Internal Audit Practitioner).
Келесі сертификаттардың біреуі немесе бірнешеуі болған жөн: АССА (Association of Certified Chartered Accountants), DipIFR (Diploma in International Financial Reporting), CIPA (Certified International Professional Accountant), CISA (Certified information systems auditor), CISM (Certified information security manager), ITIL (Information technology infrastructure library), CFE (Certified Fraud Examiner) немесе басқа ұқсас халықаралық танылған сертификат.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Мынадай салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі: (ішкі) аудит; бухгалтерлік есеп; қаржы; ақпараттық технологиялар және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік; құқық - кемінде үш жыл.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
МОППВА, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және (немесе) ақпараттық технологияларды, ақпараттық қауіпсіздікті басқару стандарттарын білу;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет мәселелері бойынша білу;
Мемлекеттік қазақ тілі мен ағылшын тілін орта деңгейден төмен емес деңгейде білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Кәсіби этика: кәсіби этиканы насихаттау және қолдану;
Жеке объективтілік;
Бизнес ортасы, салалық тәжірибе және белгілі бір ұйымдастырушылық факторлар туралы білімді қолдау;
Ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу арқылы тиімді қарым-қатынас, басқаларды сендіру және ынталандыру дағдылары;
Сыни тұрғыдан ойлау: процестерді талдау әдістерін, бизнес-аналитиканы және есептерді шешу әдістерін қолдану, шешім қабылдау кезінде ақпараттың өзектілігін, дәлдігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету.
Жетілдіру және инновация: өзгерістерді қабылдау және жетілдіру мен инновацияны ынталандыру.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: жеке еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email-де 21.10.2022 ж. дейін қабылданады.
Хаттың тақырыбында «Ішкі аудитор» деп көрсетіңіз.