Бос лауазымның атауы: Корпоративтік хатшы
Құрылымдық бөлімшенің атауы: Директорлар кеңесі (бұдан әрі - ДК)
Лауазымдық нұсқаулықтағы негізгі лауазымдық міндеттері: Корпоративтік басқару саласындағы сұрақтарға жетекшілік ету, ДК және Қоғамның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін, ДК шешімдерін уақытылы және сапалы қабылдауға жәрдемдесу.
Өтінім бойынша байланыс жасайтын тұлға және оның лауазымы: Адам ресурстарын басқару департаментінің менеджері Д.Б. Сейдалина
Бос орынның пайда болуы мақсаты / себебі: өкілеттілік мерзімінің аяқталуы
КАНДИДАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім.
Сертификаттар:
Сертификатталған Корпоративтік хатшы (ҚР бағдарламасы) (басымдық беріледі).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде корпоративтік басқару сұрақтары бойынша білім;
2) Корпоративтік қатынастарға қатысушылар арасында келіссөздер жүргізу және кикілжіңдерді реттеу қабілеті;
3) Ұйымдастырушылық және аналитикалық машықтарға ие болу;
4) Директорлар кеңесінің құрамында мемлекеттік және/немесе орыс тілін білмейтін адамдар болған жағдайда мемлекеттік тілді, сондай-ақ ағылшын тілін білу.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
кемінде 5 (бес) жылдық жұмыс тәжірибесі, оның ішінде корпоративтік құқықпен, корпоративтік қаржымен немесе корпоративтік басқарумен байланысты жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ескертпе:
Корпоративтік хатшы өз қызметін Қоғамдағы өзге де функцияларды орындаумен бірлесе атқармауы, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің келісімінсіз өзге ұйымдарда жұмыс істемеуі қажет.
Жұмыс шарттары:
• Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні, 5/2
• Жалдау нысаны: еңбек шарты
• Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
• Орналасқан орны: Астана қ., Иманов к-сі, 11, «Нұрсәулет 1» БО.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері Seydalina.D@agrocredit.kz email арқылы қабылданады.
Хат тақырыбында «ДК Хатшы» деп көрсетіңіз.